СК-Фармация

Қызметкерлерді ынталандыру

Компанияның қызметкерлерін ынталандыру жүйесі өзінде байланыстытырылатын материалдық және материалдық емес ынталандыру қызметкерлердің еңбек нәтижесінде қызығушылығын арттыру мен білікті персоналды тарту және ұстап қалуға бағытталған.

Компанияда қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесі біліктілік пен іскерлік қасиеттерді ескере отырып, лауазымдық жалақыны, қызметкерлердің өндірістік қызметінің нәтижелері үшін ағымдағы сыйлықақы беру, қосымша төлеу мен үстеме ақы  еңбек шарттары мен орындалатын жұмыстар көлеміне байланысты белгілеуді көздейді. Компанияның қызметкерлеріне сыйлықақы Компанияның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша жылына 4 рет (тоқсан), еңбекақы төлеу қорының үнемдеу есебінен сондай-ақ, Медицина қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесіне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні ұлттық мерекесіне орай жылына 1 рет берілуі мүмкін.

Материалдық емес көтермелеу арқылы еңбек уәждемесін арттыру мақсатында адал еңбегі үшін, жұмыс тиімділігін арттыруда елеулі қосқан үлесі үшін, өндірістік және экономикалық көрсеткіштерді орындау үшін, Компанияны дамытуға қосқан үлесі үшін өндірістік және басқарушылық тиімділігінің жоғары деңгейін көрсететін қызметкерлер мемлекеттік, ведомстволық және ішкі наградалармен марапаттауға ұсынылады.