СК-Фармация

Қызметкерлерді оқыту

«СҚ-Фармация» ЖШС қызметкерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға үлкен мән береді, себебі Компания жоғары деңгейлі кәсіби даярлықты сенімді жұмысының негізгі факторлардың бірі деп есептейді.

«СҚ-Фармация» ЖШС-ның персоналын оқыту мен дамыту жүйесі Компанияның стратегиялық даму талаптарын және перспективаларын ескере отырып, персоналдың біліктілігінің қажетті деңгейін қалыптастыру мен қолдау мақсатында жүзеге асырылады.

Қызметкерлердің кәсіптік оқытуы өндірістік міндеттерді шешу үшін қызметкерлердің қажетті біліктілік деңгейін ғана емес қамтамасыз етеді сонымен қатар, Компания қызметкерлерінің ниеттілігін өсуіне ықпал етіп, корпоративтік мәдениетті дамуына тікелей әсер етеді.

Оқыту бағдарламалардың шеңберінде Компания тұрақты негізінде Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясымен сондай-ақ, Қазақстанның ең үздік оқу орталықтарымен ынтымақтасуда.