СК-Фармация

Әлеуметтік саясат

«СҚ-Фармация» ЖШС қызметкерлердің және олардың отбасыларының еңбек жағдайларын, өмір сапасын қамтамасыз ету үшін тұрақты негізінде өз қызметкерлердің әрқайсысына әлеуметтік пакетті ұсына отырып, әлеуметтік қолдауды жүзеге асырады.

Компания қамтамасыз ететін медициналық сақтандыру Қазақстанның жетекші медициналық мекемелерінде қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне қажетті ем алуға мүмкіндігін береді.

Қызметкерге туындаған оқиғаларға байланысты материалдық көмек (жәрдемақы, өтемақы) көрсету мүмкіндігі бар.

Әлеуметтік міндеттемелердің шарттарын орындаудың негізі ұйымшыл ұжымды, онда қолайлы және жайлы атмосфераны құру, әрбір қызметкердің еңбегін және толығымен беріліп жұмыс істеу тиімділігін арттыру, кадрлардың тұрақтамауын төмендету, білікті мамандарды тарту болып табылады. Біздің әлеуметтік саясатының маңызды аспектілердің бірі спорт пен қызметкерлердің салауатты өмір салтын қолдау болып табылады. Компания ұйымдастыратын олимпиадалар, дене шынықтыруды қолдау және жақсартуды насихаттаудан басқа сондай-ақ, корпоративтік мәдениеті мен ұжымның ұйымшылдығын нығайтуына ықпал етеді.

Компанияның белсенді әлеуметтік позициясы меншікті қызметкерлердің қамқорлығы ғана емес, сонымен қатар, әртүрлі сыртқы әлеуметтік бағдарламалардың өткізуде көрінеді. Компания үшін табысы аз азаматтарға,  жетім балаларға қамқорлық жасау, аурулардың ауыр түрлеріне шалдыққан балаларға, зейнеткерлерге, Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету, Компания қызметкерлері ерікті түрде қан плазмасын тапсыруға бағытталған «Бір тамшы қан» сияқты жыл сайын іс-шаралар ұйымдастыру жақсы дәстүрге айналды.