«СҚ-ФАРМАЦИЯ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӘРІС ӨТТІ
«СҚ-Фармация» ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында дәріс өткізілді. Кездесу барысында қатысушылар адалдық пен парасаттылық қағидаттарын, сондай-ақ күнделікті қызмет барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтаудың маңыздылығын талқылады.
Іс-шараның негізгі мақсаты - қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, іскерлік әдеп нормаларын сақтау және мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелері бойынша білімін арттыру.
Дәріс барысында «СҚ-Фармация» ЖШС комплаенс-офицері Алтынай Нұрпейісова заң талаптарын сақтау, лауазымдық өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу және шешім қабылдаудағы әділдік пен бейтарапты мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік тек құқық бұзушылық жасаудан бас тартумен шектелмейтіні, оның сыбайлас жемқорлық әрекеттерін қолдамауды, ақтамауды және жасырмауды, сондай-ақ заңнамада көзделген тәртіппен тиісті шаралар қабылдауға дайын болуды қамтитыны атап өтілді.
Жиында шешім қабылдау кезінде ашықтықты, әділдік пен бейтараптықты қамтамасыз ету, барлық қызметкерлерге тең көзқарас таныту және заңсыз артықшылықтарға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«СҚ-Фармация» ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, іскерлік әдеп қағидаттарын сақтау және корпоративтік адалдықты нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасады.