Бүгін «СҚ-Фармация» комплаенс-офицері Алтынай Нурпеисова компания қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлттық баяндамасының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған шараларға қатысты Ұлттық баяндаманың негізгі тұжырымдары таныстырылды. Бұл ретте озық халықаралық стандарттарды енгізуге ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және мониторингтеу құралдарының жаңартылғаны, профилактикалық жұмыстың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шаралардың күшейтілгені атап өтілді. Сонымен қатар бұл бағыттағы жұмысқа мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қатысуы кеңейтіліп, монополияға қарсы реттеу шеңберінде бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға бақылау күшейтілген.
Алтынай Нурпеисова сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын сақтау және ұжымда тиісті құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, компанияда басқарушылық шешімдерді уақтылы түзету және ішкі процестерді жетілдіру мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша кешенді жұмыс алдағы уақытта жүйелі түрде жүргізілетіні атап өтілді.
Кездесу соңында компания қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, оларға тиісті түсіндірмелер алды.
Осындай ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары тұрақты негізде өткізілетін болады.
Ұлттық баяндаманың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/1039839?lang=kk