«СҚ-ФАРМАЦИЯНЫҢ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРДЕН САТЫП АЛУ КӨЛЕМІ 2024–2026 ЖЫЛДАРЫ 42%-ҒА АРТТЫ
«СҚ-Фармация» ЖШС отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясат аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу арқылы қазақстандық өндірушілерді қолдауды қамтамасыз етеді. Мұндай тетік өндірушілерге өнімдерін өткізудің кепілдендірілген нарығына ие болуға, өндірістік қуаттарды дамыту жоспарларын құруға және өнімнің жаңа түрлерін игеруге инвестиция салуға мүмкіндік береді. Аталған жұмыстың нәтижелері туралы Үкімет отырысында «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков баяндады.
«Мемлекеттік қолдаудың арқасында қазақстандық өндірушілерден сатып алу көлемі тұрақты өсім көрсетуде. 2024-2026 жылдары ұзақ мерзімді шарттар бойынша сатып алынған атаулардың саны 42%-ға өсті. Бүгінде отандық өндірушілер әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған заманауи препараттарды өндіруді игерді. Атап айтқанда, онкологиялық және созылмалы ауруларға қарсы, инсульт пен тромбозды алдын алуға арналған заманауи препараттарды шығаруға қол жеткізді», – Бірыңғай дистрибьютордың басшысы атап өтті.
Қазіргі таңда Қазақстанның 28 тауар өндірушісімен 86 ұзақ мерзімді шарт жасалған.
Ұзақ мерзімді ынтымақтастық отандық өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, фармацевтика саласының технологиялық әлеуетін дамытуға да ықпал етеді. Қазақстандық кәсіпорындар өнім түрлерін кеңейтіп, технологиялық тұрғыдан күрделі әрі заманауи дәрілік препараттар өндірісін игеру арқылы еліміздің өндірістік әлеуетін нығайтуда.