ӨҢІРЛЕРДЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ САЛЫНАДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударды.
Мемлекет басшысының айтуынша, бірінші кезекте өңірлерде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады. Олардың қатарында перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық жәрдем станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары және ерекше қажеттіліктері бар балаларға бейімделген спорт залдары бар.
Бұл бастамалар өңірлердегі медициналық инфрақұрылымды дамытуға, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және балалардың оңалту қызметтерімен қамтылуын кеңейтуге бағытталған.
Толық Жолдауды Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты — www.akorda.kz-тен оқи аласыз.