«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков Алматы қаласына жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында Н. Асылбеков №4 қалалық емхананы аралап, амбулаториялық қамтамасыз ету аясында дәрі-дәрмектер пен медициналық бұйымдарды беретін дәріхананың жұмысымен танысты.
Кездесу барысында №4 емхананың бас дәрігері Зухра Омарова мен провизорлары 2025 жылға арналған негізгі сатып алу көлемі, қосымша көлемдерге қажеттілік, қалдықтардың бар-жоғы, тұрғындардың шағымдары және басқа да өзекті мәселелерді атап өтті.
Сапардың қорытындысы бойынша №4 қалалық емханасында «СҚ-Фармация» мен Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысқан жұмыс кездесуі өтті. Негізгі талқыланған тақырып – дәрі-дәрмекпен қамту жағдайы, атап айтқанда, 2025 жылы жаңадан анықталған пациенттерді қамтамасыз ету мәселесі.
Сонымен қатар 2026 жылғы сатып алу науқанына дайындық және қалалық медициналық ұйымдармен өзара әрекетті жақсарту шаралары қаралды. Бұл тұрғындарға тегін дәрі-дәрмектің қолжетімділігі мен сапасы тұрғысынан дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің маңызды аспектісі болып табылады.
«Бюджеттік қаражатты тиімді әрі үнемді пайдалану, медициналық дәрі-дәрмектердің уақтылы әрі сапалы жеткізілуін қамтамасыз ету әсіресе жүктеменің жоғары кезеңдерінде әрдайым назарымызда. Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютор ретінде басымдылықпен жаңа анықталған пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және жалпы 2025 жылды үзіліссіз аяқтау мәселелері шешілуде. Сонымен қатар қаңтардан бастап тұрғындарға дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету үшін 2026 жылға сатып алуға дайындық белсенді түрде жүргізлуде», – деді Нұрлыбек Асылбеков.
Кездесу қорытындысы бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС өңірлік өкілдігіне нақты тапсырмалар берілді:
- 2025 жылға жоспарланған және нақты сатып алу сомаларын, қосымша сатып алу көлемдерін, қалдықтарды және дәрі-дәрмек атаулары бойынша қажеттілікті медициналық ұйымдар бойынша талдау жүргізу;
- науқастардың шағымдарын жедел әрі нақты қарастырып, жедел жауап беру және өтініштердің санын азайту;
- медициналық ұйымдар және Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп 2026 жылға өтінімдерді дұрыс әрі негізді өңдеу;
- дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың тасымалы мен қозғалысына бақылауды күшейтіп, жергілікті логистермен өзара әрекеттесуді жандандыру;
- Бірыңғай дистрибьютордың өңірлік өкілдерінің қызмет ету тиімділігін арттыру жүйесін енгізу мәселесін тез арада қарастыру, оның ішінде өтінімдердің сапасы, қалдықтарды бақылау және дебиторлық берешекті басқару бойынша KPI жүйесін әзірлеуді Стратегия және жедел талдау басқармасына тапсыру;
- Денсаулық сақтау басқармасымен ынтымақтастықты күшейтіп, туындаған мәселелерді жедел шешу.
Сонымен қатар, кездесу барысында 2025 жылдың соңына дейін дәрі-дәрмектерге шұғыл қажеттілік мәселесі де өзекті тақырыптардың бірі болды. Осы қиындықтарға жауап ретінде мемлекеттік сатып алу аясында дәрі-дәрмектерді жеткізу және сақтау тетіктері, сондай-ақ медициналық ұйымдар мен Денсаулық сақтау басқармасымен ынтымақтастықты нығайту шаралары талқыланды.
«Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы «СҚ-Фармация» компаниясымен сындарлы ынтымақтастыққа әрдайым дайын. Біз медициналық мекемелерді қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі күш-жігерді жоғары бағалаймыз, бұл мегаполистегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға маңызды», – деді Денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмек бөлімінің уақытша басшысы Айжұлдыз Ахметченова.
«СҚ-Фармация» халықты қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз ету және жеткізілімдердің тиімділігін арттыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Елдің денсаулық сақтау жүйесін одан әрі нығайту үшін жергілікті билік органдарымен және медициналық мекемелермен диалогты жалғастырып, саладағы мәселелер мен қажеттіліктерге жедел жауап беру маңызды.