Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз бен адам өміріне деген жауапкершіліктеріңіз – қазақстандықтардың денсаулығы мен әл-ауқатының берік негізі. Күн сайын көрсетіп жүрген қамқорлықтарыңыз бен адал қызметтеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
«СҚ-Фармация» ЖШС медицина қауымдастығымен бірлескен жұмысты жоғары бағалайды және халықты сапалы дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз ету бағытындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолында өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайта бермек.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!