Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК МАМАНДАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ 40 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН АРТАДЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК МАМАНДАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ 40 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН АРТАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғыртуға ерекше назар аударды.

«Біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән береміз. Осы тұрғыдан алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды», – деді Мемлекет басшысы.

Президент Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бағытында жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырды.

Бұл шара медицина қызметкерлерін қолдауға, учаскелік қызметтің сапасын арттыруға және алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған.

Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыwww.akorda.kz-тен оқи аласыз.