Байланыс орталығы 1439
  • ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША «СК-ФАРМАЦИЯ | INFO» ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ TELEGRAM-КАНАЛЫ ҚҰРЫЛДЫ
Жаңалықтар
04.08.2026

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША «СК-ФАРМАЦИЯ | INFO» ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ TELEGRAM-КАНАЛЫ ҚҰРЫЛДЫ

Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармацияның» ресми Telegram-арнасы іске қосылды.

Бұл арнада біз компанияның қызметі туралы ақпарат ұсынып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз етуге қатысты өзекті ақпаратты жариялаймыз. Сондай-ақ осы тақырып бойынша ең маңызды сұрақтарға жауап беріп, пайдалы түсіндірмелермен бөлісетін боламыз.

Арнаға көрсетілген QR-код арқылы немесе келесі сілтеме бойынша жазылуға болады: https://t.me/skpharmacy_kz

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще