Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
29.07.2025

СҚ-ФАРМАЦИЯ: БІЗДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН СЕНІМІ

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу жөніндегі Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС өз қызметінде дәрімен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қатаң ұстанатынын және уәкілетті орган айқындаған міндеттерді іске асыратынын атап көрсетеді.

Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу және логистикалық процестеріндегі барлық бастамалар мен өзгерістер қолданыстағы заңнамаға сәйкес келеді және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны төмендету есебінен бюджет қаражатын барынша үнемдеуге бағытталған.

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының жүргізген тексеру нәтижесі бойынша дәрілік заттарды сатып алу жүйесіндегі баға белгілеу тетігінің кемшіліктеріне байланысты 35 886 020,8 мың теңге мөлшерінде ықтимал қаржылық шығындар туралы атап өтті.

Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды уәкілетті органның 2021 жылғы 5 тамыздағы №77 және 2021 жылғы 4 қыркүйектегі №96 бұйрықтарымен бекітілген белгіленген шекті бағаларға сәйкес жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, Бірыңғай дистрибьютордың алдына қойылған міндеттердің бірі – отандық өндірушілерді қолдау және бәсекеге қабілетті фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту болып табылатынын атап өту маңызды. Мемлекет басшысы отандық өндірушілердің үлесін 2029 жылға қарай 50%-ға дейін арттыру міндетін қойды. Бірыңғай дистрибьютор оны елдің фармацевтикалық саласын мемлекеттік қолдаудың негізгі нысаны болып табылатын ұзақ мерзімді шарттар жасасу арқылы іске асырады.

«ҚазМедПром» отандық өндірушісіне қатысты жағдайға келетін болсақ, Бірыңғай дистрибьютор мен осы компания арасында ұзақ мерзімді шарт жасалды. Уәкілетті орган 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бекіткен қағидаларда өнімнің Қазақстан аумағында өндірілгенін немесе қайта өңделгенін растайтын «СТ-KZ» дәрілік зат пен медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы сертификатты ұсыну міндетті шарты болып табылатын ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде сатып алу үшін шарттардың тізбесі көзделеді. Яғни, Бірыңғай дистрибьютордың CT-KZ сертификаты, сондай-ақ медициналық бұйымдарға тіркеу куәліктері мен сәйкестік сертификаттары болған кезде ұзақ мерзімді шарт шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алмауға құқықтық негіздері жоқ.   

Компанияның тағы бір басымдығы – жетекші халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, өндірушілерден тікелей сатып алу. Бұл тәсіл бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Мәселен, 2025 жылға арналған тікелей келісімшарттардың көлемі өткен жылдың көрсеткіштерінен асып түсті. Сатып алу науқанының қорытындысы бойынша 63 млрд теңге көлемінде жалпы үнемдеуге қол жеткізілді, оның 10,3 млрд жеткізушілермен келіссөздер есебінен ғана үнемделді. Бұл нәтижелер ашықтық пен тиімділікті арттыру бойынша жүйелі жұмыстың тікелей дәлелі болып табылады.

Бірыңғай дистрибьютордың құқық қорғау органдарымен және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуге әрқашан ашық екендігіне ерекше назар аударамыз. Компанияның жұмысын бағалауға объективті көзқарас қабылданған шешімдердің дұрыстығын растауға ғана емес, сонымен қатар қоғам тарапынан сенімді нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

Бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған мәлімдемелерді, халық қалаулылары мен қоғам қайраткерлерінің пікірлерін ескере отырып, СҚ-фармацияда бизнес-процестерді жетілдіруге, тиімділікті арттыруға, бюджет қаражатын одан әрі үнемдеуге және бағаны төмендетуге бағытталған жаңа тәсілдер әзірленуде. Логистикалық процестерді автоматтандыру тұжырымдамасын әзірлеуді қоса алғанда, Бірыңғай дистрибьютордың қызметін цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Бұл жұмыстың мақсаты – сатып алу мен жеткізудің барлық кезеңдерінің ұтымдылығын, ашықтығын және толық қадағалануын қамтамасыз ету болып табылады.

СҚ-Фармация жүйелі негізде Үкімет пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дәрімен қамтамасыз ету саласындағы тапсырмаларын іске асыруды жалғастыруда. Мемлекеттік органдармен, отандық өндірушілермен және халықаралық әріптестермен бірге біз ашық, тиімді және орнықты жүйе құрамыз, ортақ мүдде – Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мен қауіпсіздігі.

 

 

 

Посмотреть еще