Бірыңғай дистрибьютор еліміздің медициналық ұйымдарына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу жеделдігін арттыру мақсатында логистикалық жүйені жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгінде Бірыңғай дистрибьютордың негізгі логистикалық инфрақұрылымы Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларындағы хабтардан тұрады. Бұл модель дәрілік заттарды 4 хабтан 11 операциялық қоймаға орталықтандырылған түрде таратуға, одан әрі медициналық ұйымдарға жеткізуге мүмкіндік береді.
Логистиканың тиімділігін одан әрі арттыру және жекелеген өңірлерге дәрілік заттарды жеткізу мерзімін қысқарту мақсатында операциялық қоймалар желісін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Олардың санын ұлғайту медициналық ұйымдарға дейінгі қашықтықты қысқартуға, жөнелту жылдамдығын арттыруға және дәрілік қамтамасыз етудің уақтылы әрі үздіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты «СҚ-Фармация» ЖШС нарық қатысушыларын келесі өңірлерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қызметтеріне қажеттілік бар екендігі туралы хабардар етеді:
Әлеуетті өнім берушілерге Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптар қойылады. Атап айтқанда, оларда қажетті рұқсат беру құжаттары, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау және қадағалау талаптарын сақтауы, сондай-ақ тиісті материалдық-техникалық базасы болуы тиіс.
Атап айтқанда, өнім берушілер қойманы басқарудың заманауи жүйелерінің (WMS) және көлікті басқару жүйесінің (TMS) жұмыс істеуін, оларды «СҚ-Фармация» ЖШС-нің ақпараттық жүйесімен интеграциялауды, көлік құралдарын спутниктік мониторингтеу жүйесін пайдалануды, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдауға арналған мамандандырылған автокөліктің болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Операциялық қоймалар желісін дамыту Бірыңғай дистрибьютордың логистикалық моделін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл жеткізу тізбегінің тұрақтылығын арттыруға, медициналық ұйымдардың қажеттіліктеріне жедел ден қоюға және пациенттердің дәрілік заттарға қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
Осы хабарлама ақпараттық сипатқа ие және нарық қатысушыларын хабардар ету мақсатында жарияланып отыр. Ол сатып алу рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру, алдын ала біліктілік іріктеуі немесе нарықтың жекелеген субъектілеріне қандай да бір артықшылық беру болып табылмайды. Сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашықтық, айқындық, тең қолжетімділік және адал бәсекелестік қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Белгіленген талаптарға сәйкес келетін ұйымдар өз қызметі және қолда бар мүмкіндіктері туралы ақпаратты төмендегі байланыс деректері арқылы жолдай алады:
zh.orazbekov@sk-pharmacy.kz, тел. +7 (7172) 959 812;
f.ashimbekov@sk-pharmacy.kz, тел. +7 (7172) 554 933;
alikhanov@sk-pharmacy.kz, тел. +7 (7172) 955 640;
a.kenbeilov@sk-pharmacy.kz, тел. +7 (7172) 906 185.