Жаңалықтар
24.11.2023

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСШЫЛАРЫ САЛАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін Астанада Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің базасында «Денсаулық сақтаудағы көшбасшылық және орнықты даму» III Республикалық денсаулық сақтау менеджерлерінің форумы өтті.

Денсаулық сақтау басшыларына арналған бірыңғай алаң денсаулық сақтау саласының түрлі салаларында тәжірибе алмасу, білім мен басқару дағдыларын арттыру, соның ішінде денсаулық сақтауды қаржыландыру, тәуекелдерді басқару, ақпараттық технологиялар мен маркетинг, пациентке бағытталған қызметтер, персоналды тиімді басқару және денсаулық сақтау жүйесіндегі сапаны басқару мақсатында құрылған.

Форумға мемлекеттік және жеке медициналық мекемелердің басшылары, орта буын менеджерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ДДҰ, Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов, «Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлерінің қауымдастығы» РҚБ Кеңесінің төрағасы және тең құрылтайшысы Қуаныш Ерғалиев және НУ Медицина мектебінің деканы – медицина жөніндегі Вице-президенті Массимо Пиньателли құттықтау сөз сөйледі.

Әлеуметтік белсенділігі жоғары басшы ретінде тағы бір кіріспе сөз «СҚ-Фармация» Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиевке ұсынылды, ол компанияның денсаулық сақтау жүйелерінің қолжетімділігі мен жетілдірілуін қамтамасыз ете отырып, медициналық қоғамдастық үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге деген тұрақты ұмтылысын атап өтті.

Аудиторияның назарына Тиімді медицина моделі ұсынылды, оның мақсаты – емдеу тиімділігін арттыру және елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады. Бұл модель тиімділігінің басты индикаторлары: өлімнің төмендеуі және қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы болып табылады.

Модель денсаулық сақтау жүйесінде автоматтандыруды дамыту және IT-шешімдерді енгізу, саланы теңгерімді қаржыландыру, жүйе құраушы бағыттардың үштұғырлығын – денсаулық сақтау жүйесінің жоғары білікті кадрларын даярлауды, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруді және медициналық мекемелерді жоғары технологиялық жарақтандыруды қамтамасыз ететін стандарттау және кешенді тәсіл негізінде жоспарлауды жетілдіру жағдайларына негізделеді.

Бұдан басқа, форум қатысушыларына денсаулық сақтау жүйесіндегі Бірыңғай дистрибьютордың рөлі, ұзақ мерзімді шарттар жасасу түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары, дәрілік айналым саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, елде медициналық-фармацевтикалық кластерлерді және тауар топтарын индустрияландырумен сауда-көлік хабын дамыту, BigPharma-ны отандық нарыққа тарту, келісімшарт бойынша инвестициялық жобалар туралы айтылды.

Сатып алу көлемі Қазақстанның жалпы фармнарығының 46%-ын құрайтын Бірыңғай дистрибьютор отандық фарминдустрияны дамыту мәселелерінде шешуші рөлге ие. Пациентке бағдарланған тәсілді ұстана отырып, отандық денсаулық сақтауды дамыту үшін барлық басым бағыттар, оның ішінде менеджмент бойынша жоспарлы және кешенді жұмыс жүргізеді.

Форум бағдарламасына «Денсаулық сақтау менеджментінің өзекті мәселелері: МӘМС реформасы» пленарлық отырысы, «Денсаулық сақтаудағы Тиімді коммуникациялар және сервис», «Дәлелді менеджмент», «Денсаулық сақтаудағы тиімді менеджменттің үздік тәжірибелері: табысты кейстер» және «Денсаулық сақтаудағы адам әлеуетін дамытудың заманауи сын-тегеуріндері» панельдік сессиялары кірді.

Денсаулық сақтау менеджерлері мен мемлекеттік және квази-мемлекеттік құрылымдар арасындағы барлық диалог алаңдары барысында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджменттің ең өзекті мәселелері көтерілді.

Соңында форумға қатысушылар іс-шараны ұйымдастырғаны және сала сарапшыларымен ашық диалог орнату мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді. Форум Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы менеджмент және тұрақты даму саласындағы түрлі міндеттердің шешімдерін іздеу бойынша драйверге айналды.

Денсаулық сақтау менеджерлерінің дәстүрлі форумы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін тәжірибе алмасу мен медициналық қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылдың бірегей алаңына айналды. Түпкілікті нәтиже – қалыптасқан жүйе және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще