Жаңалықтар
08.06.2023

ЕГИПЕТ ҚАЗАҚСТАНДА ФАРМАЦЕВТИКА ӨНДІРІСІН ҚҰРУҒА МҮДДЕЛІ

8 маусымда Бірыңғай дистрибьютор алаңында компания Төрағасы Ерхат Искалиев EIPICO (Egyptian International Pharmaceutical Industries Company) – Египеттің Халықаралық фармацевтикалық өнеркәсіптік компаниясы, сондай-ақ «Kazakh Invest» ұлттық компаниясымен кездесті.

Египет фармакомпаниясы жақын маңдағы елдерге әлеуетті экспортпен Қазақстанда өндіріс құру мүмкіндігін қарастыруда.

Бірыңғай дистрибьютор басшысы Египет тарапының Қазақстанмен фармацевтика саласында ынтымақтастыққа деген қызығушылығының артуына ризашылығын білдірді.

«EIPICO» Египет Халықаралық фармацевтикалық компаниясының директорлар кеңесінің Төрағасы және басқарушы директоры Ахмад Килани кіріспе сөзінен кейін кәсіпорынның қызметі туралы презентация ұсынды.

EIPICO – Египеттің фармацевтикалық өндірушісі. Компания 25 терапевтік топ бойынша 276 дәрі-дәрмек шығарады. Египеттің фармацевтикалық экспортының көшбасшысы (Египеттің фармацевтикалық өнімдерінің жалпы экспортының 21%-ы).

Қазақстанның фармацевтикалық нарығын зерделей отырып, EIPICO өз өндірісін кеңейтуге және жақын маңдағы елдерге әлеуетті экспортпен Қазақстан аумағында фармацевтикалық өнім шығару бойынша бірлескен өндірістік алаңдарды құруға қызығушылық білдірді.

Таяу жылдары Египет компаниясы Қазақстанда тіркелген дәрі-дәрмектерді ұлғайтуға, фармацевтика және ғылым саласындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ экспорттық нарықтарды қамтуға назар аударуға ниетті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда дәрілік заттар шығаратын зауыт салу мүмкіндігін талқылады, сондай-ақ бастаманы іске асыру үшін әлеуетті алаңдар мен алдағы қадамдарды қарастырды.

Қазіргі уақытта EIPICO өз өнімдерін әлемнің 70 елге экспорттайды, оның 33-і – Африка елдері. Египетпен ынтымақтастық Қазақстан үшін Африка құрлығының нарықтарына қазақстандық өнімдерді ілгерілетуге және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға сенуге мүмкіндік беретін «Африкаға қақпа» болады.

Ірі әлемдік өндірушілермен серіктестік – мемлекеттік стратегияның маңызды бағыттарының бірі. Бірыңғай дистрибьютор басшысы Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, бірлескен ынтымақтастықтың артықшылықтары мен екі елдің одан әрі әріптестігінің перспективалары туралы айтып берді.

Сонымен қатар, қонақтарға Бірыңғай дистрибуция жүйесі, келісімшарттық өндіріс тетіктері мен жақын және алыс шетелге экспорттау мүмкіндігі бар инновациялық дәрі-дәрмектерді өндіру жобалары бойынша бірқатар BigPharma компанияларымен жұмыс істеу туралы айтылды.

Бірыңғай дистрибьютордың Төрағасы Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібіне және отандық фармбрендтерге де назар аударды. Қазақстандық фармацевтика өнеркәсібі мемлекеттік қолдау шараларының арқасында тиімді инвестициялар үшін зор әлеуетке ие. Соңғы жылдары қолда бар статистика бойынша аталмыш сала барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамиканы көрсетті.

Инвестициялар туралы айта келе, қонақтардың назарына INVESTMENT GUIDE BOOK – «Kazakh Invest»-пен бірлесіп әзірленген потенциалды инвесторларға арналған жолсілтемесі ұсынылды, ол «бір терезе» қағидаты бойынша ірі дәрілік брендтердің елге кіруі үшін қаптамадан бастап өндірістің толық цикліне дейінгі алаңды қамтамасыз етеді. 

Кездесуге қатысушылар фармацевтика өнеркәсібін дамыту және инвестициялық әріптестік әлеуеті бойынша тәжірибе алмасты. EIPICO, өз кезегінде, Қазақстанмен серіктестесуге және ортақ мақсаттарға қол жеткізуге толық дайындығын атап өтті.

Бірыңғай дистрибьютор өз тарапынан елдің фармацевтикалық секторын және тұтастай алғанда денсаулық сақтау саласын жақсарту мен дамыту үшін процесте туындайтын мәселелер бойынша ынтымақтастыққа және үйлестіруге жәрдемдесуге дайын.

Анықтамалық:

«EIPICO» компаниясы 1980 жылы Рамазанның оныншы күні қаласында құрылып, 1985 жылы Египетте, Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада фармацевтикалық өнімдер шығаратын жетекші компания ретінде өндірісті бастады. Сауд Арабиясында 1 зауыты бар.

EIPICO-ның 120 000 м2 алаңда салынған 2 зауыты бар, олар фармацевтикалық өнімдерінің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін GMP ережелеріне сәйкес толығымен жұмыс істейді. 2023 жылы Египетте үшінші зауыт және Сауд Арабиясында 1 зауыт ашылды.

«EIPICO» компаниясының Египеттегі алғашқы Биотехнология және гендік инженерия ғылыми орталығы бар. Компания 400-ден астам дәрі-дәрмек шығарады, олардың 65-і лицензия бойынша шығарылады. «EIPICO» – Египеттегі ең ірі дженериктер өндірушісі. Компания 25 терапевтік топ бойынша жылына 170 млн. АҚШ доллар болатын 276 дженерик өнімдерін өндіреді.

 

1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще