Жаңалықтар
05.06.2023

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН САТЫП АЛУ – АШЫҚТЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН САТЫП АЛУ – АШЫҚТЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛЫ

 

 «Медициналық техниканы сатып алу жүйесін түбегейлі қайта қарау қажет.  Бұл үлкен мәселе. Өйткені, бұл салада сыбайлас жемқорлық жоғары деңгейде болып отыр. Өңірлер жабдықтың есебі мен бағасын тұрақты түрде көтеріп отырады, оның қызметіне де көп ақша жұмсалады. Сондықтан Үкіметке медициналық техниканы "СҚ-Фармация" базасы арқылы орталықтандырылған сатып алу жүйесіне көшіруді тапсырамын», - деді Президент.

 

Президенттің тапсырмасына сәйкес, «СҚ-Фармация» ЖШС-і Бірыңғай дистрибьюторы базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшу бағыты көрсетілді.

Дәрі-дәрмектерді сатып алу үлгісі бойынша Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыруды екі кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұған дейін Бірыңғай дистрибьютордың ресми сайтында талдамалы шолулар қатарынан кең ауқымды материал жарияланған болатын, онда орталықтандырылған сатып алуға көшу бойынша барлық атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстар егжей-тегжейлі сипатталған.

I кезең – Бірыңғай дистрибьютор базасында 20 млн. теңгеден астам медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру;

II кезең – Инновациялық жабдыққа және уақтылы жаңартуға тұрақты қол жеткізу үшін отандық өндірісті дамыту, өмірлік цикл келісімшарттары мен ұзақ мерзімді шарттар жасасу. 

 

Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алу қағидалары ҚР Үкіметінің № 375 қаулысымен регламенттеледі. 

 

Енгізілген өзгерістер негізінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы айқын бағытқа ие, өйткені, ол сатып алуды өткізудің негізгі қағидаттарын, атап айтқанда потенциалды өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысуға тең мүмкіндіктер беруді, сондай-ақ потенциалды өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестікті, сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығын көздейді.

         ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН САТЫП АЛУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

2021 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау ұйымдарындағы жабдықтарға ауқымды түгендеу жүргізді. Жарақтандыру деңгейі 83%-ды, жабдықтың тозуы шамамен 49%-ды құрады. Жергілікті жерлерде медициналық техниканы сатып алу механизмінде проблемалар бар. Яғни, бұл рәсімдер қағаз жүзінде жүргізіледі, ұқсас жабдықты сатып алу кезінде бағалардың ауытқуы бар.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2021 жылғы 3 ақпан мен 5 наурыз аралығында жүргізген денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар соңғы үш жылда 162,5 млрд. теңгеден астам сомаға 48,6 млн. бірлік медициналық жабдық сатып алғанын анықтады. Осылайша, үш жыл ішінде электрондық форматта бәсекелестік тәсілмен тек 13,5% (6093-тен 823) жүзеге асырылды

Сыбайлас жемқорлық көріністерін куәландыратын бірқатар фактілер анықталды:

  • потенциалды өнім берушілердің негізсіз бас тартуы (Сот шешімімен расталған);
  • ресми сұранысқа дейін нақты жабдыққа баға ұсыныстарын жіберу;
  • техниканы «өте» жоғары бағамен сатып алу.

Қазақстанда әкелінетін де, өндірілген де медициналық жабдықтың құнын жасанды түрде асыра бағалау не болмаса техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін немесе елде тыйым салынған техниканы сатып алу жөніндегі жағдай өткізілетін сатып алу рәсімдерінің жабық сипатына байланысты баға белгілеуді тиісті реттеудің және бақылаудың болмауының салдары болды.

БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОР ҚЫЗМЕТІ

 

Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды жүргізудің операторы болып табылады және электрондық платформаны ұсынады, соның арқасында ашықтық, рәсімдерді қағаз жүзінде жүргізуді және «адам факторын» болдырмау қамтамасыз етіледі.

 

Жалпы, медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуды жүргізу рәсімі кезең-кезеңмен дайындықты және кешенді тәсілді талап етеді.

Әр кезеңді рет-ретімен талдап көрейік.

 

  • Медициналық ұйымдар Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына (ДЗМБСҰО) өтінім береді;
  • ДЗМБСҰО медициналық жабдықты сатып алуды қоспағанда Қазақстанда тіркелген баламасы жоқ, медициналық жабдықты сатып алуға арналған техникалық ерекшелік сипаттамаларының әртүрлі өндірушілердің кемінде екі моделіне сәйкестігіне сараптамалық қорытынды береді, оны сараптама ұйымы растайды;
  • Медициналық ұйымдар Бірыңғай дистрибьюторға бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы ҚР ДСМ бекіткен нысан бойынша құны бір бірлігіне 20 млн. теңгеден асатын медициналық жабдықты сатып алуды жүзеге асыру үшін өтінім береді;
  • Веб-порталда тендер өткізіледі;
  • Тендер қорытындысы бойынша Бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында жүргізілген шарттың бағасын төмендетуге арналған қорытындылар мен келіссөздер хаттамасы негізінде медициналық ұйым мен тендер жеңімпазы арасында медициналық жабдықты жеткізу шарты жасалады. 
  •  

Әрбір қатысушы – медициналық ұйымдардың, ДЗМБСҰО-ның, Бірыңғай дистрибьютордың және жеткізушінің миссиясы – жауапкершілікке толы және медициналық техниканы сатып алу рәсімінде рөлі маңызды. 

 

Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу операторы ретіндегі қызметі сатып алу рәсімін өткізуден басқа, тапсырыс берушілердің өтінімдерімен ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын және тапсырыс берушілерге мемлекеттік сараптама ұйымы берген медициналық жабдықтың сатып алуға мәлімделген сипаттамасымен сараптамалық қорытындының сәйкестігін қарау болып табылады.

Сатып алу қағидаларында, егер тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігі Қазақстан Республикасында тіркелген баламасы жоқ медициналық жабдықты сатып алуды қоспағанда, лот бойынша потенциалды өнім берушілер ұсынатын бір өндірушінің бір ғана моделіне сәйкес келсе, лот өтпеді деп танылатын норма көзделген.

Егер құжаттардың толық пакеті ұсынылса және тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігі сараптамалық қорытындыға сәйкес келсе, онда Бірыңғай дистрибьютор тендерлік рәсімді өткізеді.

Сонымен қатар, нормативтік базадағы өзгерістерге сәйкес медициналық жабдықты жеткізушілердің бұрынғыдай медициналық жабдықты ғана емес, сонымен қатар медициналық ұйымның техникалық қызметкерлерді растайтын құжатты бере отырып, жеткізілетін жабдыққа қызмет көрсетудің базалық деңгейіне жеткізу кезінде оқыту жөніндегі міндеттемелері көзделеді.

Процестің әрбір әрекеті бойынша есеп ҚР ДСМ-ға жіберіледі, Бірыңғай дистрибьютор медициналық жабдықты жеткізу мен тендер шарттарының сақталуына мұқият мониторинг жүргізеді.

НӘТИЖЕЛЕР

Осылайша, сатып алуды орталықтандыру және барлық өңірлерден қажеттілік көлемін шоғырландыру бюджет қаражатын үнемдеуді, сатып алуды жоспарлаудың ашықтығын, сатып алу кезінде қатысушылар арасындағы нақты бәсекелестікті және жеңімпаздармен бағаны төмендету бойынша келіссөздер жүргізуді қамтамасыздандыратын сатып алуға арналған техникалық тапсырмаларды біріздендіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бірыңғай дистрибьютор соңғы жылдардағы тәжірибедегі барлық ескертулер мен туындаған кемшіліктер мен сәйкессіздіктерді ескерген.  Транспаренттілікке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, сатып алудың жұмыс істеу деңгейін арттыруға бағытталған бизнес процестерді және тұтастай алғанда сатып алу жүйесін жақсарту және жетілдіру бойынша ауқымды іс-шаралар өткізілді.

Бірыңғай дистрибьютор ұсыныстарға ашық, және барлық қатысушы мен мүдделі тараптардың қатысуымен бірлескен жұмыс жүргізуге әрқашан дайын.

Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

Медициналық техникамен қамтамасыз ету басқармасы: +7 (7172) 559247/959093,

Электрондық почта: n.palinka@sk-pharmacy.kz, a.ashirbekov@sk-pharmacy.kz  

Баспасөз қызметі: +7 (7172) 789968, эл. почта: pr@sk-pharmacy.kz  

 

 

1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще