Жаңалықтар
28.11.2023

ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: ТМККК ЖӘНЕ МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ҚАЛАЙ САТЫП АЛЫНАДЫ?

Қазақстан пациенттерін тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету стационарлық және амбулаториялық деңгейде көзделген. Стационарлық – бұл ауруханаларда дәрі-дәрмекпен емдеу, амбулаториялық – емханаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмек алу.

«СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторы ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде елімізде дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу жөніндегі оператор болып айқындалды.

 

 

Тегін дәрі-дәрмектердің тізімін кім жасайды?  

 

ТМККК шеңберіндегі және қамтамасыз ету үшін МӘМС жүйесіндегі дәрі-дәрмектердің тізбесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Қазіргі уақытта ҚР ДСМ № ҚР ДСМ-75 бұйрығы қолданыста. Құжатта тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көзделген аурулар, сондай-ақ дәрі-дәрмектердің тізімі берілген.

Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алуға арналған препараттардың тізбесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № ҚР ДСМ-88 бұйрығымен бекітілген.

 

Қандай препараттарды сатып алуға рұқсат етіледі және олардың сапасына кім жауап береді?

 

Мемлекеттік тіркеуден өткен препараттар Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алуға жатады. Қазақстандықтар сапасыз немесе жалған препараттарды алмауы үшін елде реттеуші тетіктердің тұтас жүйесі жұмыс істейді.

Қазақстан нарығында айналысқа түсетін дәрілік заттардың сапасы мәселелері елімізде өндірілген, сондай-ақ оның аумағына әкелінетін барлық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тіркеу рәсімін жүзеге асыратын ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің құзыретіне жатқызылған.

Тіркеу рәсімінен бұрын бірнеше кезеңнен тұратын мұқият сараптама жасалады. Сараптама жасау және қорытынды берумен Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы айналысады.

 

Дәрі-дәрмектерді сатып алу қалай қаржыландырылады?

 

ТМККК шеңберінде қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен, ал МӘМС шеңберінде – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

 

Дәрі-дәрмек қажеттілігін жоспарлауға кім жауапты?

 

Медициналық ұйымдардың өздері пациенттердің есебін жүргізеді және өз қажеттіліктерін дәрі-дәрмектердің атаулары бойынша да, көлемі, дозалануы, нысандары мен жеткізу кестесі бойынша да анықтайды. Осы өтінімдерге сәйкес СҚ-Фармация сатып алуды және жеткізуді жүзеге асырады.

 

Өтінім қалай қалыптастырылады?

 

Медициналық ұйымдар қажетті атаулар, көлемдер, дозалануы және препараттарды жеткізу кестесі туралы ақпараты бар өтінімді СҚ-Фармация атына бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе – БФАЖ арқылы ұсынады.

Қалыптастырылған өтінім Денсаулық сақтау басқармаларымен келісу кезеңінен өтеді, содан кейін одан әрі бекіту үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына беріледі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді қаржыландыру көзі бола отырып, СҚ-Фармацияға ұсынылған медициналық ұйымдардың өтінімдерін қарайды.

Содан кейін Қор СҚ-Фармация атына амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде өңірлердің дәрі-дәрмектерге қажеттілігінің Денсаулық сақтау басқармаларымен келісілген есептерін – жиынтық тізілімді жібереді.

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтінімдерді келісіп, мақұлдағаннан кейін ғана
СҚ-Фармация дәрі-дәрмектерді сатып ала бастайды.Осылайша, Қордан қажеттілік есептері сатып алу рәсімдерін жүргізуге негіз болады.

 

Осылайша, СҚ-Фармация өтінімді қалыптастыру үдерісіне қатыспайды.

 

Дәрі-дәрмек сатып алу

 

Дәрі-дәрмектерді сатып алу СҚ-Фармация атына стационарлық көмек шеңберінде және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының атына амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде медициналық ұйымдар ұсынған өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.

Әдетте, Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды алдын ала жүзеге асырады. Осылайша, келесі жылға арналған препараттар ағымдағы жылы сатып алынады.

2018 жылдан бастап сатып алулар ҚР ҚМ Электрондық қаржы орталығының арнайы әзірленген платформасында электрондық форматта өткізіледі. Сатып алу қорытындыларының барлық хабарландырулары мен хаттамалары ашық ақпарат болып табылады және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алудың веб-порталында еркін қол жетімділікте тұр.

 

Дәрі-дәрмектерді жөнелту    

 

Дәрі-дәрмектерді жеткізуге келетін болсақ, СҚ-Фармация ЖШС өтінімде көрсетілген кестеге сәйкес жөнелтуді жүзеге асырады. Естеріңізге сала кетейік, медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу кестесін өздері көрсетеді.

 

Препараттарды беру    

 

Дәрілік препараттың дозалануын, түрін, атауын, ең бастысы босатылуын медициналық ұйым атынан емделуші дәрігер ғана анықтайды және пациенттерге тағайындайды.

Пациенттерге дәрі-дәрмектерді медициналық ұйымдар ҚР ДСМ – ДҚАЖ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінде береді.

 

Осылайша, СҚФармация дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу жөніндегі оператор бола отырып, пациенттерге рецепт жазу және өтінімдерді қалыптастыру рәсіміне қатыспайды.

 

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қадағалау, пациенттермен тікелей жұмыс істеу үшін СҚ-фармацияда 1439қысқа нөмірі бар байланыс орталығы жұмыс істейді.

Ол халықтан жеткізілімдегі іркілістер туралы барлық деректерді жинақтайды, тегін берілетін қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімдері мен күндері туралы ақпарат береді. Қалалық және ұялы телефондардан барлық қоңыраулар тегін.

 

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі – жоспарлы

және жүйелі үдеріс. Әрбір қадам нақты нормативтік-құқықтық талаптармен реттеледі.

 

Негізгі міндет дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі сұраныстың өзгеруіне жедел және нақты жауап бере алатындай, кез-келген төтенше жағдайда икемді болатындай және ең алдымен азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған жұмысты ұйымдастыру болып табылады.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще