Жаңалықтар
17.04.2024

ТРМК ЖӘНЕ СҚ-ФАРМАЦИЯ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ САПА ЖӘНЕ ОҚШАУЛАУ СТАНДАРТТАРЫН КҮШЕЙТУГЕ НИЕТТІ

«СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторы мен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті медициналық-фармациялық өндірісінің сапасы мен оқшаулау стандарттарын арттыру бойынша ынтымақтасу туралы келісті. Келісім өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасасу түрінде ресми түрде бекітілді.

Меморандумның міндеті мен мақсаты – мемлекеттік қолдаудың тиісті шараларын алған кезде отандық фармацевтикалық өндірісті оқшаулау деңгейін жүйелі түрде арттыру бойынша ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандыруды, инвесторларды тартуды, технологиялар мен жаңа әзірлемелердің трансфертін қамтамасыз етуді, отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасын кеңейтуді және отандық өндірістің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарының үлесін 2025 жылдың өзінде-ақ 50%-ға дейін жеткізуді тапсырды.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу қағидаттарының бірі – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу түрінде отандық тауар өндірушілерді қолдау болып табылады.

Ұзақ мерзімді шарт жасасқаннан кейін өндіруші он жылдық мемлекеттік тапсырыс алады, бұл отандық тауар өндірушіге 10 жыл бойы өндірістің қалыптасуы мен дамуы кезеңінде өткізу нарығына кепілдік береді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу, оның ішінде Бірыңғай дистрибьютордың ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу аясында ұсынылатын мемлекеттік қолдау СТ-KZ сертификаттарын және индустриялық сертификаттарды бизнеске ұсынған жағдайда жүзеге асырылады. 

Бұл ретте өндіріс шарттары тауар өндірісін оқшаулауды ұлғайтуға бағытталмаған. Тиісінше, өндірушілерге тауар өндірісі бойынша минималды талаптарды орындау жеткілікті, бұл жұмыс орындарын құруға, салық төлемдерін төлеуге, сонымен бірге мемлекеттік қолдау алуға ықпал етпейді.

Мұндай тәсілмен өндірісті оқшаулауды және өсіруді, сондай-ақ қосылған құны жоғары өнімдерді экспорттауды тиімді қамтамасыз етуге бағытталған қазақстандық тауар өндірушілерді қолдаудың бірыңғай саясатын қалыптастыру мүмкін емес.

Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу жөніндегі оператор бола отырып, сатып алу кезінде ішкі айналымы үшін тауардың шығу тегі туралы сертификаты – СТ-KZ және индустриялық сертификаттың болуын тексеруді. Алынған мәліметтер отандық фармацевтикалық өнімдерді оқшаулаудың нақты тереңдігін бағалауға мүмкіндік бермейді.

Отандық фармацевтикалық өндірісті оқшаулау деңгейін арттыру мақсатында Бірыңғай дистрибьютор қазақстандық тауар үлесін ұлғайту және өсіру бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі.

Бірыңғай дистрибьютордың ұсыныстары ҚР Сауда және интеграция министрлігіне жолданды. Ал отандық фармация өндірісін оқшаулау деңгейін арттыру үшін Сатып алу қағидаларында қазақстандық өндірушілер үшін қарсы талаптар мен критерийлер белгіленген.

Қазіргі таңда ҚР Сауда және интеграция министрлігі СТ-KZ сертификаттары мен индустриялық сертификаттың орнына тауардың Қазақстанда жасалғандығын растайтын жаңа тәсілі – Қазақстанда жасалған тауарлардың тізіліміне көшу бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазақстанда жасалған тауарлардың тізілімі уәкілетті мемлекеттік органдар белгілейтін және оқшаулаудың барынша мүмкін деңгейін немесе оның жылдар бойынша кезең-кезеңімен өсуін қамтамасыз етуге бағытталған тауарларды өндіру шарттарын орындаған кезде отандық өндірушілер туралы мәліметтерді енгізуді көздейді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау шараларын қазақстандық тауардың шығу тегі туралы мәліметтердің жалғыз көзі ретінде тізілімге енгізілген өндірушілерге ғана беру ұсынылады.

Меморандум жасасу – Бірыңғай дистрибьютордың ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетімен дәрі-дәрмектер сапасының деңгейін арттыруды әдіснамалық және жүйелі пысықтау және өнімдегі қазақстандық мазмұн үлесін айқындаудың жаңа жүйесіне көшу мақсатында кешенді бірлескен жұмысының нәтижесі болды.

Осылайша, Техникалық реттеу және метрология комитетімен күш біріктіре отырып, меншікті фармацевтикалық өндірісті оқшаулау деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу және Қазақстан Республикасы заңнамасындағы болжамды өзгерістерді уақтылы қадағалау көзделіп отыр.

Екіжақты ынтымақтастықтың нәтижесі – отандық фармацевтика саласын дамытуға бағытталған Қазақстанның стратегиялық бағдарламаларын іске асыруға үлес болады. Тараптар жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін және ортақ мақсаттарға қол жеткізуге сенім білдірді. 

Анықтамалық:

«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ министрліктің техникалық реттеу және метрология салаларындағы стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще