Жаңалықтар
03.10.2023

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҮНДІСТАН ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТЕРЕҢДЕТУДЕ

Бүгін 3 қазанда Бірыңғай дистрибьютор алаңында «СҚ-Фармация» ЖШС-і Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Нагендра Прасадпен кездесті. Кездесуге елшіліктің екінші хатшысы және фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты арттыру жөніндегі коммерциялық бөлімнің басшысы Дигвиджай Патил де қатысты.

Кездесу барысында тараптар фармацевтика саласындағы Қазақстан-Үндістан стратегиялық әріптестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Әлеуеті бай және қарқынды дамып келе жатқан экономикасы бар екі ел – Қазақстан мен Үндістан – фармацевтика өнеркәсібін дамыту саласындағы ынтымақтастығын белсенді түрде тереңдетуде. Бұл ынтымақтастық екі ел арасындағы серіктестікті нығайтып қана қоймай, денсаулық сақтау сапасы мен халық үшін дәрі-дәрмектің қолжетімділігін жақсартуға ықпал етеді.

Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан – Үндістанға негізгі сауда серіктесі және экспорттаушы болып табылады. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2,5 млрд. АҚШ долларына дейін жетті. Үндістан бүгінде әлемдегі барлық дәрі-дәрмектердің үштен біріне дейін шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының қабылдауында Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар Үндістан тарапының вакцинация сертификаттарын өзара тану туралы ұсынысын жеткізді, сондай-ақ өз елінің фармацевтика және экономиканы цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты белсендіруге дайындығы туралы мәлімдеді.

Сондай-ақ, 2022 жылы Үндістан Премьер-Министрінің бастамасымен ұйымдастырылған «Орталық Азия – Үндістан» мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысу аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өзара тиімді ынтымақтастыққа дайындығын растады. ҚР Президенті перспективалы бағыттарға, оның ішінде денсаулық сақтау және фармацевтика секторына инвестициялар тартуға мүдделі екенін атап өтіп, үнді серіктестерін қазақстандық нарыққа шақырды.

Ынтымақтастықтың негізгі элементтерінің бірі – дәрілік заттарды өндіруде озық технологиялар мен тәжірибе алмасу болып табылады. Отандық фармацевтикалық өндірушілер жаңа дәрі-дәрмектердің өндірісін жергілектендіруде, саланы технологиялық жетілдіру жалғасуда. Сондай-ақ, өз әзірлемелері үшін R&D орталықтарын дамыту басты назарда. Мұның бәрі республиканың фармацевтика саласына әсер етпек.

Үндістан тарапы екі елдің экономикалық ынтымақтастығының үлкен әлеуетін атап өтті, екіжақты өзара іс-әрекеттерді дамыту мүмкіндіктері айтылды. Тараптар өзара ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Өзара тиімді ынтымақтастық мақсатында бірлескен күш-жігерді шоғырландыру қажеттігі атап өтілді.

Бірыңғай дистрибьютордың басшысы мен Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Қазақстанның фармацевтикалық индустриясына технологиялар трансфері мен инвестициялауға дайын екендіктерін, сондай-ақ ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мүдделі екендіктерін білдірді.

Кездесу соңында Үндістан елшісі жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Үндістан арасындағы фармацевтика саласындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екендігін растады.

1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще