Жаңалықтар
04.08.2023

ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

4 тамызда «СҚ-Фармация» ЖШС-і Бірыңғай дистрибьюторы жанындағы қоғамдық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, оның құрамына азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастық өкілдері, депутаттар мен салалық сарапшылар кіреді.

Күн тәртібінде қоғам белсенділері Бірыңғай дистрибьютор қызметіндегі бірқатар өзекті тақырыптарды қозғады. Олардың бірі – 2023 жылдың мамыр-шілде айларында өткізілген компаниның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне қатысты.

Атап айтқанда, әлеуетті тәуекелдер нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережелері  саласында бағаланды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың басты мақсаты – Бірыңғай дистрибьютордың қызметінде, әсіресе Бірыңғай дистрибьютордың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою немесе азайту. Қоғамдық жұмыс тобының мүшелеріне өз тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөнінде ұсыныстар жіберуге мүмкіндік берілді.

Бірыңғай дистрибьютор Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру бағыты болып табылатын Тұжырымдамада көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық қажетті іс-шараларды жүзеге асырады. Осылайша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырылады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі қолданады.

Келесі баяндама ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі бойынша болды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің барлық үдерісінде медициналық ұйымдардың өтінімдерін жоспарлау және игеру маңызды сәт болып қала береді. Естеріңізге сала кетейік, медициналық ұйымдар өз қажеттіліктерін дәрі-дәрмектердің атаулары, көлемі мен жеткізу кестесі бойынша өздері анықтайды. Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмектерді осы өтінімдер негізінде сатып алады және жеткізеді.

Бірыңғай дистрибьютор 2024 жылға арналған өтінім беру науқанының басталғаны туралы хабарлады, еліміздің медициналық мекемелері алдағы жылға өзінің болжамды қажеттілігін қазірдің өзінде қалыптастыра бастады. Өңірлер стационар шеңберінде өтінімдер қалыптастырды, жақын арада Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан амбулаториялық деңгейде өтінім күтілуде.

Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды алдын ала жүзеге асырады, яғни келесі жылға арналған дәрі-дәрмектер ағымдағы жылы сатып алытыны белгілі. Дәрі-дәрмектерді сатып алудың негізгі шарттары – жеткізу кестесі. Сатып алу рәсімдері желтоқсан айында Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында дәрі-дәрмектердің болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мерзімде жүргізіледі. Емханалар мен ауруханаларға жөнелту 2024 жылдың қаңтарында басталады.

Медициналық ұйымдардың дебиторлық берешегі проблемалық аспект болып қала береді. Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын медициналық ұйымдарға жеткізілген дәрі-дәрмек көлемі үшін уақтылы төлем алмайды, бұл елдің дәрімен қамтамасыз ету жүйесінің одан әрі дамуына кері әсерін тигізеді.

Big Pharma-мен жұмыс талқылаудың жеке тақырыбы болды. Презентация барысында қоғам қайраткерлері отандық фармарығына жаһандық ойыншыларды тарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы толығырақ таныстырды.

Мемлекет басшысы отандық фармнарықты дамытудың және жаһандық фармкорпорациялармен ынтымақтастықтың, инвесторларды тартудың, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Бұл тұрғыда Big Pharma компанияларымен ынтымақтастық және Қазақстанға өндірісті оқшаулау негізгі құрал болып табылады. ҚР аумағында брендтік дәрі-дәрмектер өндірісін тарту үшін қаптамадан бастап терең оқшаулауға дейінгі барлық циклдарды ескере отырып, өндірісті оқшаулау рәсімдерін оңайлату жөніндегі шаралар көзделген.

Бірыңғай дистрибьютор отандық нарыққа енгізу үшін жаһандық ойыншылардың дәрі-дәрмектерін сатып алу мен логистиканың жүйелі түрде озық тәжірибесін зерттейді. ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне экспорттау мүмкіндігі бар қазақстандық өндірушілер базасында BigPharma ойыншыларының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісін оқшаулау мәселесі пысықталуда.

Roche HoldingNovo NordiskPfizer және AstraZeneca UK Ltd сияқты жаһандық фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімдер жасалды. Сонымен қатар, отандық өндірушілер мен Оңтүстік Кореялық компаниялар арасында өндірісті оқшаулау және технологиялар трансферті туралы келісімдерге қол қойылды.

Bayer (Германия), Takeda (Жапония), Novartis (Швейцария) және Janssen (Бельгия) компанияларымен ынтымақтастық және оқшаулауға дайындық туралы келісімге қол қою пысықталуда.

Ғылыми және технологиялық инновацияларға, жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуге және елдің зияткерлік әлеуетін барынша пайдалануға, сондай-ақ жоғары технологиялық отандық өнімді сыртқы нарықтарға ілгерілетуге басымдық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және өндірілетін номенклатураны жетілдіруде кешенді тәсілді қамтамасыз ететін өндірістерге берілуі тиіс.

Үкімет қабылдаған Фармацевтика өнеркәсібін дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес тағы бір маңызды бағыт – фармацевтика ғылымын дамыту және әлемдік ойыншылардың қатысуымен жаңа өндірістер құру болып табылады.

Осы орайда халықаралық тәжірибені зерделеу нәтижелері бойынша Бірыңғай дистрибьютор елімізде медициналық-фармацевтикалық кластерлер құру туралы бастама көтерді. Бұл отандық фарминдустрияны дамыту үшін қолайлы инфрақұрылым құруға ықпал етеді.

Фармкластерлерді құру отандық ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми зертханаларды, ірі медициналық жоғары оқу орындарын, отандық өндірістік алаңдарды, инвестициялық жобаларды қолдау институттарын, жергілікті атқарушы органдарды тарту, сондай-ақ R&D орталықтарының типі бойынша еркін экономикалық және индустриялық аймақтарда кластерлерді орналастыру арқылы орынды болып табылады.

Бүгінгі таңда елімізде Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларында медициналық-фармацевтикалық кластерлер құру туралы тиісті бұйрық күшіне енді және бастаманы іске асыру бойынша жол карталарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осындай кешенді тәсілмен болашақта фармацевтика өнеркәсібін дамытудың ағымдағы міндеттерін шешіп қана қоймай, жаңа дәрі-дәрмектерді экспортқа шығарып, азаматтардың қазақстандық дәрі-дәрмектерге деген сенімін қамтамасыз етуге болады.

Отырысқа қатысушылардың қорытынды презентациясы – 2023 жылға арналған медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу тақырыбында тыңдалды. Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін Президент кезең-кезеңімен енгізіліп жатқан Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуді тапсырған болатын.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, медициналық техника бойынша сарапшыларды тарту және сатып алу тетіктерін автоматтандыру бағытында жүйелі жұмыс атқарылды. Бүгінде ІІ кезеңнің іс-шаралары жүзеге асырылуда – бұл кадрларды даярлау, медициналық ұйымдардың өтінімдерді уақтылы беру жөніндегі шаралары және «Электрондыққаржы орталығы»АҚ веб-порталында сатып алу модулін модефикациялау.           

                                                                                     

2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 23,2 млрд теңгеге 177 бірлік медициналық техника сатып алынды. Орталықтандырылған сатып алу нәтижесінде бюджет қаражатынан 3,1 млрд теңге үнемдеуге қол жеткізілді, бұл орта есеппен 14%-ды құрайды (жекелеген лоттар бойынша үнемдеу 81%-ға дейін құрады).

 

Бірыңғай дистрибьютор базасында Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйеде (БФАЖ) медициналық техниканы сатып алуға өтінімдерді қабылдау модулі әзірленді. Сонымен қатар, бұл портал «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-ның сатып алу веб-порталымен үндестірілген, соның арқасында рәсімдерді қағаз жүзінде жүргізуді және «адам факторын» алып тастау қамтамасыз етіледі. Тиімділігін арттыру үшін Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптаудың Ұлттық орталығымен бірыңғай жүйені құру үшін БФАЖ-ды жаңғырту ұсынылады.

 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютор Кореяның, Жапонияның, Еуропаның ірі әлемдік өндірушілерімен және отандық медициналық техника өндірушілерімен өндірісті оқшаулау мәселелерін заттық пысықтауда.

 

Бүгінгі күнге дейін соңғы технологиялар саласында тәжірибе алмасу үшін ірі компаниялармен бірқатар кездесулер өткізілді: оптикалық, медициналық және мехатроникалық технологиялардың неміс өнеркәсіптік қауымдастығы – SPECTARIS, медициналық техниканың нидерландтық өндірушісі – Philips, жоғары сапалы өнім шығаруға маманданған кореялық жаһандық ортопедиялық компания – Corentec, қазақстандық компаниялар – «БАРК Технолоджи» ЖШС-і, «Ақтюбрентген» АҚ, «Ордамед» АҚ және басқалар.

 

Philips, Canon, General Electric, DRTech, Mindray, Lоwenstein, Roche Diagnostic шетел медтехника өндірушілері өндірісті оқшаулау, өмірлік цикл келісімшарттары мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізілді.

 

Баяндама барысында медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі нәтижелері – медициналық көмек көрсету деңгейіне сәйкес жарақтандыру, медициналық техника паркін жаңарту, Ұлттық жобалар көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, сервистік қызмет көрсетуді жетілдіру, еліміздің барлық өңірлеріндегі халықтың медициналық көмекке тең қолжетімділігі, шығыстарды азайту және бюджетті үнемдеу айтылды.

 

Бірыңғай дистрибьютор орталықтандырылған сатып алу жүйесі және оның кезеңдері туралы егжей-тегжейлі материал дайындаған болатын, аталмыш материалмен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

 

Кездесу соңында пікір алмасылды, кеңеске қатысушылар жұртшылықтың призмасынан қамтамасыз етудің проблемалық аспектілерін белгілеп, Бірыңғай дистрибьютордың өзі жеке қарайтын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстарды айтты.

 

Басқарма Төрағасы, өз кезегінде, кеңестің барлық қатысушыларына саланың өзекті мәселелерін белгілеуге көмектесетін қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтып, екіжақты өзара іс-әрекеттің тиімділігін атап өтті.

 

Бірыңғай дистрибьютор алаңында азаматтық қоғамнан келіп түсетін мәселелер үнемі көтеріліп отырады және қажетті ұсынымдарды енгізу үшін халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелер ашық талқыланатындығын атап өткен жөн.

 

Бірыңғай дистрибьютор тікелей диалог пен өзара іс-әрекетке ашық, әрбір құнды ұсыныс практикалық іске асуы және қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсартудың пайдалы құралы болуы үшін тығыз ынтымақтастық пен сындарлы диалогқа бейімделген.

1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще