Жаңалықтар
09.11.2023

ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫҢ ҚОСЫМША КӨЛЕМІ САТЫП АЛЫНДЫ

Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін жедел әрекет ету шұғыл шаралары қабылданды. Қызылша ауруының халық арасында одан әрі таралуын болдырмау мақсатында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу туралы қаулыға қол қойды.

Осылайша, 6 қарашадан бастап бұған дейін қызылшадан егілгеніне қарамастан, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы балаларға қосымша жаппай иммундау басталды. Бірыңғай дистрибьютор ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша халықты иммундау үшін вакцинаның қосымша көлемін сатып алуды пысықтап, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының өтінімдері бойынша қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы 503 000 доза вакцинаның қосымша көлемін сатып алды.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің резервінен қаржыландырылатын вакцинаның тағы 1 млн-нан астам дозасын сатып алу жоспарлануда.

Вакциналарды тасымалдау «суық тізбек» қағидаты бойынша жүргізіледі – әрбір кезеңде температуралық режимді қатаң сақтау қамтамасыз етіледі. Вакциналарды тасымалдау кезінде ілеспе құжаттарда температура көрсеткіштерін тіркей отырып, келіп түсуді және одан әрі жөнелтуді тіркеу жүргізіледі.

 

Анықтамалық:

 

Қызылшаға, паротитке, қызамыққа қарсы вакцина – бұл үш ауыр вирустық аурудан қорғауға көмектесетін біріктірілген вакцина. Вакцинада тірі, бірақ әлсіреген қызылша, паротит және қызамық вирустары бар.

 

1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
G2B ЖӘНЕ B2B КЕЗДЕСУЛЕРІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Подробнее
Форум
Подробнее
Ақтюбрентген АҚ мерейтойына арналған фильм
Подробнее
КІНЕ 2016 аясындағы дөңгелек үстел
Подробнее
Сенбілік (23.04.2016 ж.)
Подробнее
25 желтоқсандағы кеңейтілген кеңес
Подробнее
Посмотреть еще