СК-Фармация

Басқарма Төрағасының блогы

Сұрақ қою
Сұрақ
Жауап

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!

 Сіздерді  кәсіби мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлт саулығы, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналды.              

Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда.  Сіздердің елеулі еңбектеріңіз ерекше құрмет пен сенімге ие, себебі сіздерді әрқашан жоғары жауапкершілік, адамдарға қызмет жасау, көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге әрдайым даяр тұру сияқты қасиеттер ерекшелендіріп тұрады. Игілікті еңбектеріңіз, өз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, азаматтардың денсаулығы жолында аянбай жасап отырған қызметтеріңіздің маңызы зор.

“Медицина кәсібі- адамгершіліктің асылы” сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз.

Төл мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті медицина қызметкерлері!