СК-Фармация

Жаңалықтар

2018 жылға 148 дәрі-дәрмек бойынша өнім берушілерді бағаны арзандату аукционы анықтайды
01 ақпан 2018
2018 жылға 148 дәрі-дәрмек бойынша өнім берушілерді бағаны арзандату аукционы анықтайды

2018 жылға 148 дәрі-дәрмек бойынша өнім берушілерді бағаны арзандату аукционы анықтайды.

Бірыңғай дистрибьютор тоғыз айлық қажеттілікті қамтамасыз ету үшін сатып алу шеңберінде  бүгін дәрі-дәрмекті сатып алу тендерінің соңғы кезеңі бағаны арзандату аукционын өткізді. 2018 жылдың тоғыз айы бойына қазақстандықтарға дәрі-дәрмекті жеткізу құқығына аукцион барысында 16 әлеуетті өнім беруші күреседі.

Алдын ала есептеулер бойынша 2 күнге созылатын аукцион, тендерлік рәсімдердің барлық қалған сатылары сияқты онлайн таратылады.

Оның нәтижелері бойынша 2018 жылдың сәуір айымен  желтоқсан айына дейін пациенттерге жеткізілетін тек саудалық атаулар мен өнім берушілер ғана емес, сондай-ақ медициналық ұйымдарға қосымша дәрі-дәрмек сатып алуға бағытталатын бюджет қаражатынан үнемдеу анықталады.

Тендерге барлығы 488 дәрі-дәрмек атауы жарияланды. Бүгінгі аукцион барысында ойнатылатын 148 дәрі-дәрмек атауына қосымша, тағы 224 атау бойынша бір өнім беруші өтінім берген немесе отандық өндіруші ретінде артықшылық алған болса сатып алу жүргізіледі.   

Сатып алу қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкес тендер жеңімпаздары ағымдағы жылдың наурызынан бастап Бірыңғай дистрибьютор қоймаларына препараттарды жеткізуді бастайды, ал сәуір айында сатып алынған дәрі-дәрмек еліміздің медициналық ұйымдарына жеткізіледі.

Дегенмен, халықтың жыл сайынғы дәрі-дәрмектерге сұранысын қамтамасыз ету үшін 3 айға 998 дәрі-дәрмек атауы және медициналық бұйымдар сатып алынды, оның ішінде 608 атау жыл бойына сатып алынды. Бірыңғай дистрибьютор 2018 жылға сатып алатын  дәрі-дәрмек тізімінде барлығы 1192 атау.   Бұл амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде әр түрлі аурулармен  (барлығы – 49 ауру) диспансерлік есепте тұрған пациенттер үшін және стационарда ем қабылдайтын пациенттер үшін дәрі-дәрмектер.  2018 жылдың бірінші тоқсанында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 84% атау сатып алынды, оның ішінде 77% перепарат Бірыңғай дистрибьютордың қоймасында түсті.  Бірыңғай дистрибьютордың қоймасында бар препараттар медициналық ұйымдардан өтінім түскен сәтте, тапсырыс берушілерге бірден жөнелтіледі.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі