Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық

ЮНИСЕФ және БҰҰДБ-мен ынтымақтастық арқасында АИТВ-мен ауыратын пациенттерді үш есе, ал С вирустық гепатитімен ауыратын пациенттерді 4,5 есе тегін дәрілік қамтамасыз етумен қамтуды ұлғайту мүмкін болды. Ал 2019 жылы STOP ТВв халықаралық ұйымымен ынтымақтастық қазақстандық пациенттерге көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулезді емдеуге арналған инновациялық препараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

"Туберкулезді тоқтату" қорымен алғаш рет шарт жасалды. Шарт шеңберінде туберкулезді емдеу үшін дәстүрлі қолданылатын препараттарға төзімділігі бар пациенттер үшін де тиімді Деламанид және Бедаквилин препараттары сатып алынатын болады. Барлығы 1 млрд. теңге сомасына дәрі-дәрмек сатып алу, ал емдеумен 2,5 мың пациентті қамту жоспарланып отыр.

 Бірыңғай дистрибьютордың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастығы 2016 жылы басталды. Сонда ЮНИСЕФ платформасы арқылы АИТВ-мен ауыратын пациенттерді емдеу үшін антиретровирустық препараттарды сатып алу кезінде бағаның айтарлықтай төмендеуінің арқасында АИТВ-мен ауыратын пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді 6-дан 18 мың адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік туды. Кейінгі жылдары ынтымақтастық шеңберінде ЮНИСЕФ арқылы сатып алынатын АРВ-препараттарының желісін кеңейтуге, сондай-ақ оны вакциналармен толықтыруға мүмкіндік туды.

 2018 жылғы 1 ақпанда Бірыңғай дистрибьютор мен БҰҰДБ арасында шартқа қол қойылды, бұл қазақстандық пациенттерді софосбувир және даклатасвир препараттарымен ең заманауи және тиімді емдеумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осы емнің нәтижелері бойынша емдеу 95% дейін. Бұл ретте препараттарды БҰҰДБ платформасы арқылы сатып алу препараттардың құнын 10 есе төмендетуге және қазіргі кезде осы ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған барлық пациенттерді емдеумен қамтуға мүмкіндік берді. 2019 жылы БҰҰ Даму бағдарламасымен ынтымақтастықты кеңейту жоспарлануда.

 

 

 

1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее