• МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАМЕН КЕШЕНДІ ЖАРАҚТАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
News
27.10.2023

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАМЕН КЕШЕНДІ ЖАРАҚТАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

27 қазанда Астанада «MedTech» Медициналық техника бойынша ІІІ Халықаралық форум өтті. Онда сарапшылар медициналық техника саласының алдында тұрған міндеттерді шешудің жаңа жолдарын, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесін медициналық техникамен жарақтандыру процестерінің кешенді тәсілдері мен автоматтандырылуын талқылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «СҚ-Фармация» ЖШС-і қолдауымен өткен форумға медициналық техника айналысы саласындағы мәселелер бойынша халықаралық сарапшылар, әлемдік атаумен ғалымдар мен практик дәрігерлер, медициналық өнімдердің ірі өндірушілері, Орталық мемлекеттік органдар мен Ұлттық компаниялардың басшылары, қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер қатысты.

Форумның ұйымдастырушылары ҚР Үкіметінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және «СҚ-Фармация» ЖШС-і қолдауымен «Silkway INNOVATION» (E-Forum.net жоба) құрамына кіретін «Quality Business Partners» ЖШС-мен серіктестікте «Silk Way development Fund» қоғамдық қоры болып табылады. жүзеге асырылады.

Күн тәртібінде медициналық бұйымдар өндірісін жергіліктендіру мәселелері қаралды. Форумның драйверлері – Стратегиялық және Бизнес-сессиялар, содан кейін талқылау үш тақырыптық сессияға көшті. Айта кету керек, форум гибридті форматта өтті (офлайн және онлайн).

Медициналық техниканың отандық өндірісін дамыту – Мемлекет басшысының сала алдына қойған басым міндеттерінің бірі. Жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы аясында Президент отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін 2025 жылдың өзінде-ақ 50%-ға дейін жеткізуді, сондай-ақ инвесторларды тартуды, технологиялар мен жаңа әзірлемелердің трансфертін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстан Үкіметі осы міндеттерді шешу үшін жүйелі шаралар қабылдауда: фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспары бекітілді, 2021-2025 жылдарға арналған «САЛАУАТТЫ ҰЛТ» ұлттық жобасы әзірленді және «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Тұжырымдамалары» әзірленуде.

Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – медициналық мекемелерді заманауи диагностикалық және емдеу-профилактикалық жабдықтармен жарақтандыруға қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Бұл міндет медициналық жабдықтар нарығының тиімді жұмыс істеуіне арналған. Зерттеулер көрсеткендей, жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы жағдайында бұл нарық елдің экономикалық кешенінің тұрақты дамып келе жатқан буыны болып табылады.

Ұлттық денсаулық сақтауды одан әрі дамыту жөніндегі шаралар барлық медициналық ұйымдарды қажетті жабдықтармен толық жарақтандыруға, төсек қорын 50%-ға жаңартуға, ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Стратегиялық сессия медициналық техникамен жарақтандыруға кешенді тәсіл, медициналық техника өндірісін сатып алу және жергіліктендіру, медициналық техникамен жарақтандыру процестерін автоматтандыру тақырыбына арналды.

Спикерлер медициналық жабдықтарды сатып алу тәжірибесіне, медициналық техникамен жарақтандыру саласындағы проблемаларға және оларды шешу жолдарына, медициналық техникамен жарақтандыру процестерін автоматтандыруға назар аударды. Дәстүрлі сервистік қызметке балама ретінде медициналық техниканың өмірлік циклінің келісімшарттарын тәжірибеге енгізу де назардан тыс қалмады.

Сессияда «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы Еркен Дауытбаев, «Turar Healthcare» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқар Хорошаш, Philips компаниясының Орталық Азия, Закавказье, РБ, Моңғолия елдері бойынша өңірлік директоры Ольга Волкова, «Ordamed» АҚ-ы Басқарма төрағасы Еркін Ділімбетов, «Актюбрентген» АҚ-ы атқарушы директоры Марс Махмутов, «Олимп КДЛ» құрылтайшысы және бас директоры Ерлан Сүлейменов «СҚ-Фармация» ЖШС-і Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев баяндама жасады.

Бизнес-сессияда «Медициналық бұйымдар өндірісін жергіліктендіру» тақырыбы талқыланды, онда сарапшылар инвестициялық жобаларды кешенді қолдау, келісімшарттық өндіріс, медициналық бұйымдарды сараптамалық бағалау және технологиялар трансферті бойынша пікірлерімен бөлісті.

Форумға қатысушылар тақырыптық сессияларда Қазақстандағы Medtech-те R&D, телемедицина, цифрлық медицина, медицина саласындағы ақпараттық жүйелер, сондай-ақ медициналық жабдыққа сервистік қызмет көрсету және сервистік қызметтер нарығын реттеу сияқты сала мәселелерін көтерді.

Медициналық жабдықтар өндірісіндегі инновация, медицинадағы жасанды интеллект және олардың жаңа мүмкіндіктері мәселелері белсенді талқыланды. Форумға қатысушылар кадр тапшылығын талқылап, цифрлық медицинадағы прогресс пен жаңа мүмкіндіктерді қарастырды.

Форум кәсіпқойларды біріктірді және тәжірибе алмасу мен медициналық техника өндірісін дамытудың негізгі мәселелерін талқылау үшін тиімді алаң ретінде әрекет етеді. Мемлекеттік билік пен бизнес өкілдері, оның ішінде халықаралық бизнес өкілдері, реттеушінің өкілдері, шетелдік вендорлар, сондай-ақ қазақстандық дилерлер мен жабдықтар мен техника өндірушілер өз пікірлерімен бөлісті.

Медициналық техника өндірісі бойынша қазақстандық саланың зор әлеуеті бар, оны іске асыру саланың барлық өкілдерінің белсенді қатысуымен ғана мүмкін болады.

Source: Press Service of SK-Pharmacy LLP
Посмотреть еще