Жаңалықтар
10.03.2023

ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕМДІК ВЕНДОРЛАРДЫҢ ӨНДІРІСІН ОҚШАУЛАУҒА АРНАЛҒАН АЛАҢДАР КЕҢЕЙТІЛУДЕ

«СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьютордың  алаңында онлайн форматта «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында компания өкілдері қатысушыларды көмірсутегі шикізатын, мұнай және газды, энергетикалық құрылғыларды және басқа да машина жасау өнімдерін өндіруге, дайындауға және тасымалдауға арналған  құрылғыларды жасау және өңдіруден тұратын өз қызметімен таныстырды. Сондай-ақ, газ құбырлық қондырғыларды күрделі жөндеу және сервистік қызмет көрсету қарастырылған.

Тараптар шетелдік өндірушілермен бірлескен шарттық өндірісті кеңейтудегі қызығушылықтарын білдірді. Ірі әлемдік өндірушілермен шарттық өндіріс мәселесі Бірыңғай дистрибьютордың қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта процестің әртүрлі кезеңдерінде келісімшарттық өндіріс бойынша әлемдік вендорлармен келіссөздер жүргізілуде. Canon, Philips, General Electric, Samsung Medison, Mindray, Sinovision, Ibis сияқтыжәне басқа да компаниялар медициналық құрылғылар өндірісін локализациялауда қызығушылығын білдіріп отыр.

Бұл салалар инвестициялар үшін, оның ішінде отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасу шеңберінде ашық. Бұндай жобалар мемлекет тарапынан толық қолдауға ие болады.

«Западно-Казахстанская машиностроительная компания» АҚ өз кезегінде шетелдік өндірістің медициналық жабдықтары үшін құрастыру алаңы бола отырып, ірі вендорларға медициналық техниканы локализациялау үшін өзінің өндірістік алаңын ұсынуға дайын. Кейіннен келісімшарттық өндіріске ұзақ мерзімді шарт жасасу жоспарлануда.

Онлайн кездесуді «ОрдаМед» АҚ жалғастырды. Өткен жылы компания GENORAY СО., LTD, JW Holdings CorporationSamsung Medison Co, сондай-ақ BionetSG Healhcare және JW Medical жетекші корей компанияларымен Меморандум жасасты.

Осылайша, «ОрдаМед» АҚ маммография жүйелерін, неонатология үшін жеке медициналық бұйымдардың соңғы өнімдерін, ультрадыбыстық диагностикалық жүйелерді, пациенттердің көпфункционалдық мониторларын, әрүрлі типтегі рентген жабдықтарын және неонатология, хирургия, гинекология бағыттары бойынша жабдықтарды Қазақстанда өндіруге келісімге қолжеткізді.

Компания меншігінде қолданыстағы бір өндірістік алаң, орын жайлары мен жабдықтары бар екі өңдірістік алаң бар. Тағы екеуінің құрылысы салынуда.

Талқылау барысында тараптар корей медициналық техникасын локализациялау және ұзақ мерзімді шарттар жасасу мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Бірыңғай дистрибьютор әлемдік вендорлармен келісімшарттық өндіріске шарттар жасасу шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы отандық өндірушілермен өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін білдірді.

Бірыңғай дистрибьютор өз тарапынан елдің фармацевтикалық секторын және тұтастай алғанда денсаулық сақтау саласын жақсарту және дамыту үшін ынтымақтастыққа және жәрдем көрсетуге және отандық өндірушілермен жұмыс барысында туындайтын мәселелер бойынша үйлестіруге ашық және дайын.

 Анықтама:

«Западно-Казахстанская машиностроительная компания» АҚ  мұнай мен газды, энергетикалық жабдықты, металл конструкцияларын және өзге де машина жасау өнімдерін өндіруге және тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтарды әзірлеу және өндіру жөніндегі отандық кәсіпорын болып табылады.  Ішінде дайындау, штамптау, механикалық өңдеу, дәнекерлеу және құрастыру, аспаптық өндіріс, дайын өнім мен қолданылатын материалдардың сапасын бақылауға арналған сынақ орталығы бар өндірістік кешен болып табылады.

«ОрдаМед» - ТМД елдеріндегі медициналық жабдықтардың дистрибьюторы. Компания АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Жапония сияқты және басқа да елдердің 70 астам медициналық жабдықтарды  өндірушілердің өкілі болып табылады. Компания 16 жыл нарықта. 

Ordamed  2006 жылыMedison компаниясымен келісім-шарт жасасты және осы брендтің Орталық Азиядағы ресми дистрибьюторы болды.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще
29 февраля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
29 февраля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
28 февраля 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"