Жаңалықтар
25.11.2024

ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР РЕЦЕПТ БОЙЫНША БЕРІЛЕТІН ДӘРІЛЕР САНАТЫНА ҚАЛАЙ ЖАТҚЫЗЫЛАДЫ

Бүгінгі таңда әлемде көптеген дәрі-дәрмектер үлкен сұранысқа ие және азаматтар дәрі-дәрмектерді тек дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдау керек екенін ұмытып,  көбінесе оларды таныстарының ұсынысымен немесе өз шешімімен сатып алады. Дәрі-дәрмек сияқты өнім ерекше назар аударуды қажет ететінін есте ұстаған жөн, оны оның ерекшелігін ескере отырып, бақылаусыз жүзеге асыруға болмайды.


Мемлекет дәрілік заттардың нарықтағы айналымын реттей отырып, олардың сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды. Бақылаусыз енгізуді болдырмау үшін кейбір препараттар қатаң түрде рецепт бойынша беріледі. Бұл басылымда біз елде препараттың рецепт бойынша мәртебесін қалай анықтайтынымызды талдаймыз.

Қазақстанда дәрілік заттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № ҚР ДСМ-4 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың негізінде рецепт бойынша берілетін дәрілік заттарға жатқызылады.

 Қағидаларға сәйкес, дәрілік затты рецепт бойынша жазылатын дәрілік затқа жатқызу үшін мемлекеттік сараптама ұйымы мыналарға зерттеу жүргізеді:

- компоненттердің фармакологиялық үйлесімділігі;

- шығу тегі мен спецификалық белсенділік;

- қолдану тәсілдері мен жанама әсерлерінің бейіні;

- фармакологиялық қасиеттері (фармакокинетика, фармакодинамика);

- фармакокинетикалық параметрлеріне сәйкес дозалардың барабарлығы;

- асыра пайдалану қаупі дәрежесі, сондай-ақ дәрілік заттардағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың барынша жеткілікті құрамы;

- уыттылықты, ұрпақты болу функциясына әсерін, эмбриондық уыттылықты, тератогенділікті, мутагенділікті, канцерогенділікті зерттеу нәтижелері;

- дәрілік препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі;

- «пайда-тәуекел» күтілетін арақатынасы.  

Рецептімен босатылатын дәрілік препараттарға мыналар жатады:

- заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар;    

- парентералдық енгізуге арналған дәрілік заттар;

- тек стационарда қолданылатын дәрілік заттар;  

- тағайындау мен одан арғы қабылдау дәрігердің тұрақты бақылауымен жүргізілуі қажет дәрілік заттар;

- диагнозы стационар жағдайларында немесе қажетті диагностикалық жабдығы бар мекемелерде қойылатын, ал дәрілік препаратты қолдану және одан арғы бақылау амбулаториялық жағдайларда жүзеге асырылатын ауруларды емдеуге арналған дәрілік препараттар;

- құрамында одан әрі зерттеуді талап ететін дәрілік субстанция, белсенділігі және (немесе) кері әсері бар дәрілік заттар: алғаш тіркелген, жаңа әсер етуші заты бар дәрілік препараттар; қолдану тәжірибесі шектеулі препараттар; жаңа доза, дозалаудың жаңа режимі, енгізудің жаңа тәсілі, қолдануға жаңа көрсетілімдер, жас шамасының жаңа топтары;

- дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес медициналық бақылаусыз қолданған кезде адам денсаулығына қауіп төндіретін;

- халықтың дәрілік препараттың медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығының талаптарын сақтамай қолдануы кезінде адам денсаулығына қауіп төндіретін дәрілік заттар;

- осы Қағидаларға белгіленген қосымшаға сәйкес клиникалық-фармакологиялық топтар бойынша рецептімен босатуға жататын дәрілік заттар жатады.

Клиникалық және фармакологиялық топтар бойынша рецепт бойынша жазылуға жататын дәрілік заттардың толық тізбесін Қағидаларға қосымшада мына сілтеме бойынша табуға болады:

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022042

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще