Жаңалықтар
20.12.2022

ҚАЗАҚСТАНДА ПОРТАТИВТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ӨНДІРІСІ ОҚШАУЛАНУДА

19 желтоқсанда СҚ-Фармация Бірыңғай дистрибьюторының алаңында «Казмедкомплект» инвестициялық компаниясының және Jiangsu Konsung Bio-Medical Science And Technology Co., Ltd. шетелдік компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Jiangsu Konsung Bio-Medical Science And Technology Co., Ltd. компаниясынан Сату жөніндегі директор Mr. Leo Xiao және «Казмедкомплект» директоры Д.С. Закирьянов, сондай-ақ басқа да өкілдері қатысты.

Тараптар Қазақстанда медициналық жабдықтарды, атап айтқанда портативті медициналық кешенді оқшаулауды талқылады. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді шарттардың, оффтейк-келісімшарттардың, «өмірлік цикл» келісімшарттарының тетіктерін пайдалану мүмкіндігі және өнімді жақын шетелге экспорттау мәселелері қозғалды.

Портативті медициналық кешен өндірісін іске қосу Батыс Қазақстан немесе Ақтөбе облыстарында іске асырылатын болады. Компания 2023 жылы халықаралық технологияларды көшірумен шоғырландырылған өндірісті пайдалануға беруді жоспарлауда.

Портативті медициналық кешен – бұл денсаулықты диагностикалаудың ыңғайлы жүйесі және инновациялық медициналық өнім болып табылады, оның негізі медициналық персоналға пациентті оның орналасқан жерінде диагностикалауға және интернет желісі арқылы алынған деректерді әрі қарай емдеу тактикасын қабылдау үшін қысқа мерзімде бейінді маманға жіберуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету болып табылады.

Кешен сегіз түрлі атаудан тұратын жинақызатқапшық болып табылады. Олардың ішінде ЭКГ, пульсоксиметр, тонометр және термометр, сондай-ақ электронды стетоскоп, гемоглобин, лейкоциттер анализаторы және құрғақ биохимиялық анализаторы бар көп функциялы монитор бар. Мобильді зертхана интерфейстің жеті тілінде, соның ішінде қазақ тілінде жұмыс жасайды. Кешен қашықтықтан жинауды, диагностикалық ақпаратты автоматты түрде беруді және деректерге статистикалық талдауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, инновация сандық мобильді шешімдермен ерте диагностика жасауға мүмкіндік береді. Компания техникалық қолдау үшін тәуліктің кез келген уақытында жүгінуге болады деп мәлімдейді.

Қазіргі уақытта компания мобильді диагностикалық кешенді медициналық ақпараттық жүйелермен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізуде, алғашқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарында апробация жүргізуде, сондай-ақ тіркеу рәсімін жүргізуде.

Бұл жаңалық бірінші кезекте ауыл тұрғындарын алғашқы медициналық санитариялық көмекпен қамтамасыз етуге көмектеседі, бұл Қазақстанның жалпы халқының 41%-ын құрайды. Олардың жартысынан азы 50 жастан асқан адамдар. Заманауи кешеннің арқасында ауылдық жерлердің әрбір тұрғыны жоғары технологиялық жабдықтары бар заманауи мобильді зертханаға қол жеткізе алады.

Бұдан басқа, бұл бейінді мамандардың қызметтеріне қолжетімділікті арттыруға, емханалар мен медициналық персоналдың жүктемесін азайтуға, медициналық кадрлар мен медициналық техниканың тапшылығын шешуге, сондай-ақ медициналық жабдықтардың тозуын ескере отырып бюджет қаражатын үнемдеуге ықпал етеді. Кешенді енгізудің маңызды факторы денсаулық сақтауды, оның ішінде ауылдық жерлерде цифрландыру болып табылады.

Бірыңғай дистрибьютор өз кезегінде бастаманы қолдап, жобаны іске асыру бойынша ынтымақтастықта әзірлігін атап өтіп, бұл қалалық және ауыл тұрғындарын сапалы және қолжетімді медициналық көмек алуда қамтуды арттыру құралы болатынын атап өтті. Ал пациентке бағдарланған тәсіл – елдің бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің басты басымдығы.

Анықтама:

«КАЗМЕДКОМПЛЕКТ» инвестициялық компаниясы» ЖШС – медицина саласындағы жаңа әзірлемелерді, технологияларды тарту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бөлігінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік беретін озық медициналық өнімдер мен шешімдерді Қазақстан Республикасының аумағында өндірісті одан әрі шоғырландыра отырып енгізу және іске асыру негізі болып табылатын компания. «ҚАЗМЕДКОМПЛЕКТ» инвестициялық компаниясы» ЖШС 2013 жылы құрылған «in vitro» диагностикасына және алғашқы медициналық санитариялық көмекке арналған мобильді медициналық технологияларға маманданған инновациялық технологиялық компания болып табылатын «Kangshang Medical Group» компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Jiangsu Konsung Bio-Medical Science And Technology Co., Ltd., 2013 жылы құрылған, денсаулық сақтау, алғашқы медициналық көмек, интернет-денсаулық сақтау және денсаулық сақтаудың ірі экожүйесін құруға мамандандырылған инновациялық технологиялық компания. Зерттеулер мен әзірлемелерді, өндірісті, сатуды және қызмет көрсетуді өз брендімен біріктіреді.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Подробнее
Басқарма Төрағасының блогы
Подробнее
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще