Байланыс орталығы 1439
  • ҚР АЗАМАТТАРЫН ТЕГІН ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДІКПЕН АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ТІЗБЕСІНЕ ЖАҢА ПРЕПАРАТТАР ЕНГІЗІЛДІ
Жаңалықтар
27.05.2025

ҚР АЗАМАТТАРЫН ТЕГІН ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДІКПЕН АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ТІЗБЕСІНЕ ЖАҢА ПРЕПАРАТТАР ЕНГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 46 бұйрығымен белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Жаңартулар шеңберінде тізімге психикалық ауруларды, сондай-ақ ересектер мен 18 жасқа дейінгі балалардағы артериялық гипертензияны емдеуде қолданылатын қосымша препараттар енгізілген. 

Осылайша, ТМККК шеңберінде динамикалық байқауда тұрған психикалық аурулары бар науқастарды емдеу үшін жаңа дәрілік зат — Амисульприд (ішуге арналған ерітінді) қосылды.

МӘМС шеңберінде ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларда артериялық гипертензияны емдеу үшін 2-4 дәрежелі қауіп кезінде, сондай-ақ бүйректің созылмалы аурулары кезінде симптоматикалық артериялық гипертензияны емдеу үшін тізбеге Периндоприл диуретиктармен комбинацияда (таблетка) препараты енгізілген.

Бұл өзгерістер пациенттердің қажетті дәрі-дәрмектерге кеңірек қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ресми жариялау 2025 жылдың 23 мамырында өтті.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://zan.gov.kz/client/#!/md/210357/kaz

 

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще
11 июня 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
06 июня 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"