Жаңалықтар
10.09.2024

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «СҚ-ФАРМАЦИЯ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСЫП, КОМПАНИЯНЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖӨНІНДЕ ТАПСЫРМА БЕРДІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова СҚ-Фармацияда болып, компанияның ағымдағы қызметімен танысты.

Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері қатысқан кеңес шеңберінде халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етумен байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесуде министр логистикаға, дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізуге, тасымалдау кезінде «суық тізбекті» сақтауға, сондай-ақ халықтың барлық санаттары үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қозғады.

«Дәрілік заттарды дистрибуциялау мен уақтылы жеткізудің ашықтығын қамтамасыз ету – Министрліктің басты басымдықтарының бірі. «СҚ-Фармация» басшылығы өңірлік медициналық ұйымдармен өзара іс-әрекеттің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуі қажет», - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға, сондай-ақ сатып алу процестерін оңтайландыруға және дистрибуция жүйесін жақсартуға бағытталған Жол картасын іске асыру барысы туралы есеп берді.

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі Руслан Нұрмұханов: «Соңғы жылдары дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінде қаражатты үнемдеу үрдісі байқалады. Бұл нәтижеге Бірыңғай дистрибьютор арқылы орталықтандырылған сатып алу арқасында қол жеткізіледі. Жыл сайын бірдей бағамен шамамен 2 миллион пациент бірдей сапалы препараттармен қамтамасыз етіледі. Екі мың медициналық ұйым үшін сатып алу орталықтандырылды. Қазіргі уақытта біз дәрі-дәрмектерді сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды және басқа аспектілерді жоспарлауды ескере отырып, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру және барлық бизнес-процестерді цифрландыру мәселелерін пысықтап жатырмыз».

Министр жеткізіліммен байланысты процестерді одан әрі жақсарту қажеттігін атап өтіп, «СҚ-Фармация» ЖШС басшылығына дистрибуцияның тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлік медициналық ұйымдармен өзара іс-әрекеттесуді күшейту және медициналық мекемелерге қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу процесін жеделдету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

 

Дереккөз: Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще
11 октября 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
10 октября 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"