Жаңалықтар
20.12.2022

ӨНДІРІСТЕН ПАЦИЕНТКЕ ДЕЙІН: ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІ

Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік басымдықтарды, азаматтардың денсаулығын жақсарту, ауыр сырқаттармен күресу, орташа өмір сүру ұзақтылығын ұлғайту міндетеріне назар аудара отырып, тиімді дәрілік емдеуге кең әрі кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етудің қажеттілігінсіз қарастыруға болмайды.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі – бұл өндірушілерден пациенттерге дейінгі өзара тәуелді кешенді процестердің жиынтығы: өндіріс – сараптама және тіркеу – тізімдерге қосу және бекіту – қажеттілікті жоспарлау – сатып алу және жеткізу – пациентке беру.

Әр кезеңдегі жауапкершілік құзыреттіліктер мен жауапкершілікке сәйкес тізбекке қатысатын ұйымдар арасында бөлінеді.

Процестің әр кезеңін егжей-тегжейлі талдап көрейік.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі процесінің бірінші кезеңі – дәрі-дәрмек өндірісі. Дәрі-дәрмектер өндірілгеннен кейін, оны фармацевтикалық нарықта қолдануға және сатуға рұқсат беру үшін мақұлдау кезеңінен өтеді. Патенттік қорғауға байланысты дәрілер түпнұсқалы және қайта жаңғыртылған болуы мүмкін, сауда атаулары авторлық құқықпен қорғалған дәрінің атауымен (ХПА) әр түрлі болуы мүмкін.

Емдеудің тиімділігі сапалы дәрі-дәрмектерді қолданылуына байланысты және де, бұл мәселеге денсаулық сақтау жүйесінде ерекше назар аударылады. Егер дәрі-дәрмекті бір елде қолдануға рұқсат етілгенімен, бұл оның басқа елде қолдануға болатынын білдірмейді. Осылайша, рәсімдеудің екі түрі бар – мемлекеттік тіркеу және тіркеуден кейін дәрі-дәрмектердің сапасын бағалау.

Барлығы мемлекеттік тіркеуден басталады – бұл нарыққа кіру рұқсаты. Өндірушілер тіркеуге өтінім береді. Қазақстандықтар сапасыз немесе жалған дәрі-дәрмектерге тап болмауы үшін елде реттеуші тетіктердің тұтас жүйесі жұмыс істейді.

Қазақстан нарығының айналысындағы дәрілік заттардың сапа мәселелері елімізде өндірілген, сондай-ақ оның аумағына әкелінетін барлық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тіркеу рәсімін жүзеге асыратын Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің www.gov.kz/kmfk құзыретіне жатады.

Тіркеу процедурасының алдында бірнеше кезеңнен тұратын мұқият сараптама жасалады. Сараптама жасау және қорытынды берумен Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығыwww.ndda.kz айналысады.

Тіркеу кезеңінде дәрінің тиімділігі мен қауіпсіздігі, оның нарықта болуының нысаналылығы, өндіріс технологиясын сақтау мәселелері анықталады. Клиникаға дейінгі, клиникалық және зертханалық зерттеулердің нәтижелері зерделенеді.

Сонымен қатар, ақысыз және бөлшек сауда үшін шекті бағалар тіркеледі. Шекті бағалар өндірушілердің өтініштері мен референттік елдерде тіркелген бағаларды талдау негізінде қалыптасады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығыwww.ndda.kz бағаларды талдап, ҚР ДСМ-ға бекітуге жібереді.

Осылайша, тіркеу кезінде нақты фармацевтикалық өнімге сәйкес келуі тиіс - сапа, қауіпсіздік, тиімділік, баға параметрлері бекітіледі.

Тіркеуден кейінгі кезеңде, оның әрбір сериясы шығарылатын кезде, шығарылатын дәрінің нақты сериясы тіркеу кезінде белгіленген талаптарға қаншалықты сәйкес келетіні анықталады және сәйкестік сертификатын беру арқылы расталады.

Нарық айналымындағы дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне мониторинг фармакологиялық қадағалау жүйесі шеңберінде де жүзеге асырылады. Бұл қазақстандықтар қолданатын дәрілердің зиян келтірмеуі үшін қажет. Фармакологиялық қадағалаудың міндеті – дәрі-дәрмектерді қолданудың жағымсыз салдарын анықтау, талдау, бағалау және алдын алу.

Пациенттер сырқаттарын емдеуде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жағымсыз әсері немесе тиімсіздігі анықталған кезде Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығыwww.ndda.kz сайтында сары карта-хабарламасын толтыру үшін емдеуші дәрігеріне жүгіне алады.

Бұдан әрі өндірушілер дәрі-дәрмектерді клиникалық хаттамаларға енгізуге өтінім береді. Клиникалық хаттамаларды, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды ҚР ДСМ Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия – www.nrchd.kz әзірлейді және енгізеді.

Клиникалық хаттамалар негізінде ҚР ДСМ Формулярлық комиссиясыwww.nrchd.kz дәрі-дәрмектерді Тізбеге енгізу туралы мәселені қарастырады. Формулярлық комиссия ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің консультативтік-кеңесші органы болып табылады. Комиссия құрамына уәкілетті органның мамандары, дәрілік заттардың айналымы, клиникалық фармакология және дәлелді медицина саласында тиісті білімі бар бейінді мамандар кіреді. 

Формулярлық комиссияның алдында тұрған маңызды міндет – дәрі-дәрмектерді ұтымды қолдану бойынша ұсынымдар әзірлеу, клиникалық нұсқаулықтарды, диагностика және емдеу хаттамаларын, Қазақстанда пайдалану үшін әзірленген емдеу стандарттарын, сондай-ақ олардың бағаларын қарау болып табылады, дәрілермен қамтамасыз етудің нысаналы бағдарламаларын әзірлеуге және келісуге қатысады, дәрі-дәрмектерді этикалық ілгерілетуге жәрдемдеседі.

Осыдан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық хаттамаларды, Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды, дәрілік заттардың сипаттамалары, халықаралық патенттелмеген атауы және олардың шекті бағалары қамтылған ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде сатып алу үшін амбулаториялық дәрімен қамтамасыз ету және Бірыңғай дистрибьютор жөніндегі Тізбелерді бекітеді.

Дәрі-дәрмектерді сатып алу медициналық ұйымдардың стационарлық көмек шеңберінде және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыwww.fms.kz Бірыңғай дистрибьютордың атына ұсынған өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.

Медициналық ұйымдар өз қажеттіліктерін дәрі-дәрмектердің атаулары, жеткізу көлемі мен кестесі бойынша өздері анықтайды. Осы өтінімдерге сәйкес Бірыңғай дистрибьютор сатып алу мен жеткізуді жүзеге асырады.

Қазақстанда дәрілік заттарды рецепт бойынша беру ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларымен регламенттелінеді. Рецепттерді тиісті медициналық көрсеткіші болған жағдайда өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері жазып береді.

Осылайша, дәрі-дәрмектің тағайындалуы, дозасы мен мөлшерін емдеуші дәрігер анықтайды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы ақпарат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына – www.fms.kz жіберіледі, одан кейін Қор тізілімдерді салыстырып тексереді және қамтамасыз етілген дәрі-дәрмектер үшін төлем жасайды.

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қадағалау, пациенттермен тікелей жұмыс істеу үшін 1439 қысқа нөмірлі Бірыңғай дистрибьютордың байланыс орталығы жұмыс істейді. Ол халықтан жеткізілімдегі іркілістер туралы барлық деректерді жинақтайды, тегін берілетін қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімдері мен күндері туралы ақпарат береді. Барлық қоңыраулар тегін, қалалық және ұялы телефондар үшін қол жетімді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша 1406 нөміріне хабарласып, байланыс орталығынан кеңес алуға болады. Қазақстанның барлық аумағында ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі – өте көп уақытты қажет ететін ұзақ процесс. Пациентке белгілі бір дәрі-дәрмекті беру алдында дәрі іске асырудың барлық кезеңдерінен өтеді. Әрбір қадам нақты нормативтік-құқықтық талаптармен реттеледі.

Негізгі міндет – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі сұраныстың өзгеруіне жедел және нақты жауап бере алатындай, кез-келген төтенше жағдайда икемді болатындай және ең алдымен азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған жұмысты ұйымдастыру.

Азаматтарды сапалы және тиімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету – әрқашан да ұлт денсаулығын сақтаудағы басымдық болып келді. Құрылған жүйенің арқасында пациенттердің қауіпсіз және қолжетімді дәрілік заттарды алуын үздіксіз қамтамасыз етуге, сондай-ақ, тұтынушылардың, мемлекеттің және фармацевтикалық бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің, яғни, фармацевтикалық нарықтың барлық қатысушыларының мүдделерін теңестіруге мүмкіндік бар.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Подробнее
Басқарма Төрағасының блогы
Подробнее
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще