Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
26.05.2025

БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОР ТОБЫНА АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМГЕ БАСШЫ ІЗДЕЙДІ

Біздің ұйымға уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру кезеңінде Өндірістік талдау басқармасының бастығы лауазымына аналитика саласындағы жоғары білікті менеджер қажет.

«СК-Фармация» ЖШС-нің бірыңғай дистрибьютор ретіндегі миссиясы — ұлттық дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл міндетті біз ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу, сондай-ақ оларды медициналық ұйымдарға жеткізу арқылы орындаймыз.

Бірыңғай дистрибьютор қызметінің ерекшелігін ескере отырып, дәрі-дәрмектерді сатып алуды талдау — бизнес-процестерді жетілдіруге және олардың әлсіз тұстарын анықтауға мүмкіндік беретін негізгі міндеттердің бірі.

Бізге цифрлық технологиялардың даму қарқынын ескере отырып, қазіргі заманғы талаптар мен сын-қатерлерге сай келетін, барлық өндірістік процестер үшін тиімді аналитикалық жүйе құра алатын білікті басшы қажет.

Үміткер жоғары деңгейдегі аналитикалық, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерге ие болуы тиіс.

Өндірістік талдау басқармасы келесі міндеттерді атқарады: дәрі-дәрмектердің азайтылмайтын қорларының тізбесін уақтылы қалыптастыру, препараттар мен медициналық бұйымдардың азайтылмайтын қалдықтарын болжау, олардың пайдаланылуын бақылау, сатып алмау себептерін талдау және басқа да маңызды функциялар.

Бос орынға құжаттарды тапсыру және біліктілік талаптарымен танысу үшін келесі сілтемеге өтіңіз:

https://sk-pharmacy.kz/rus/karera/vacation_1/obyavlenie-o-konkurse-%E2%84%96-37-na-zanyatie-vakantnoj-dolzhnosti-nachalnika-upravleniya-proizvodstvennogo-analiza-too-%C2%ABsk-farmacziya%C2%BB-(na-period-zameshheniya-vremenno-otsutstvuyushhego-rabotnika)

Құжаттар 2025 жылғы 6 маусым сағат 10:00-ге дейін қабылданады.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще
11 июня 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
06 июня 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"