Байланыс орталығы 1439
  • ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАЙЫЛҒАН СКЛЕРОЗ КҮНІ: СҚ-ФАРМАЦИЯ ЕЛ БОЙЫНША НАУҚАСТАРДЫ ӨМІРЛІК МАҢЫЗДЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
Жаңалықтар
27.05.2025

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАЙЫЛҒАН СКЛЕРОЗ КҮНІ: СҚ-ФАРМАЦИЯ ЕЛ БОЙЫНША НАУҚАСТАРДЫ ӨМІРЛІК МАҢЫЗДЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

Бүгін, 27 мамырда бүкіл әлемде Дүниежүзілік склероз күні атап өтіледі. Жайылған склероз (MS) – бұл орталық жүйке жүйесінің созылмалы ауруы, ол жас және еңбекке қабілетті адамдарға әсер етеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2000-нан астам адам осы диагнозбен өмір сүреді. Бұл сырқат аурудың дамуын бәсеңдетуге және симптомдарды бақылауға бағытталған дәрі-дәрмектерді қолдануды қамтитын ұзақ және жүйелі емдеуді қажет етеді. 

2025 жылға Бірыңғай дистрибьютор тізбесіне «жайылмалы беріш»нозологиясы бойынша дәрілік заттардың 12 атауы кіреді. Бірыңғай дистрибьютор барлық 12 дәрі-дәрмек бойынша орталықтандырылған сатып алулар жүргізді.  

Бүгінгі таңда амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде республиканың медициналық ұйымдарына 94 482 бірлік дәрілік заттар жеткізілді. Бұл сатып алынған және жеткізілген дәрі-дәрмектердің жалпы көлемінің 96%-ын құрайды, қалған бөлігі медициналық ұйымдардың белгіленген кестесі бойынша жеткізу процесінде.  

Егер осы атаулар бойынша стационарлық көмек көрсету туралы айтатын болсақ, дәрі-дәрмектер медициналық ұйымдарға 100% көлемінде жөнелтілді. 

Айта кетейік, Бірыңғай дистрибьютор еліміздің әрбір өңіріндегі пациенттерге қажетті дәрі-дәрмектерді кідіріссіз және толық көлемде алуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда. 

Жайылған склерозбен ауыратын науқастарға арналған кеңестер: 

  • Дәрі-дәрмектерді қабылдаудың жүйелілігін қадағалаңыз. Терапияны өткізіп жіберу аурудың ағымын нашарлатуы мүмкін. 

  • Егер сіз амбулаториялық дәріханада тағайындалған дәрі-дәрмектерді алмаған болсаңыз, дәрігерге хабарласыңызбұл медициналық ұйым арқылы мәселені тез шешуге көмектеседі. 

  • Жоспарлы тексерулерге жазылыңыз және симптомдар күнделігін жүргізіңізбұл дәрігерлерге терапияны түзетуге көмектеседі. 

  • Жағдай мүмкіндік беретіндей белсенді өмір салтын ұстаныңыз: қалыпты физикалық белсенділік пен стрессті басқару өмір сапасын жақсартатыны дәлелденген. 

  • Егер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша сұрақтар туындаса, 1439 байланыс орталығына хабарласыңыз – медициналық білімі бар мамандар нақты уақыт режимінде кеңес береді. 

Дереккөз: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
Посмотреть еще
11 июня 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
06 июня 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"