Жаңалықтар
27.10.2022

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ

Медициналық техника бойынша «MedTech» II Халықаралық форумы – дамудың жаңа мүмкіндіктерін айқындау және сенімді бизнес-серіктестіктерді іздеу үшін ең тиімді диалог алаңы мәртебесіне ие. Форум алаңында B2B және G2B форматында 10-нан астам компаниямен кездесулер өтті, олар өз кезегінде, Қазақстанда іске асыру үшін қызықты бірегей технологиялары бар жобаларды ұсынды.

Қатысушылар нақты жобалық ұсыныстармен, Қазақстандағы шетелдік инвестициялар мен сыртқы экономикалық қызметті қорғау тетіктерімен, басқа компаниялардың табысты тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды. Ал «G2B» және «B2B» форматтарындағы кездесулер өз кезегінде өзара ынтымақтастық перспективаларын талдауға, болашақ серіктестердің мүдделері мен қажеттіліктерін түсінуге, жаңа идеялар мен инвестициялық жобаларды талқылауға мүмкіндік берді.

Келіссөздерге Қазақстан тарапынан Дәрі-дәрмек саясаты департаменті директорының орынбасары Руслан Адылқанов, «СҚ-Фармация» ЖШС-і Басқарма төрағасы Ерхат Искалиев, «СҚ-Фармация» ЖШС-і Медициналық техниканы қамтамасыз ету басқармасының бастығы Николай Палинка қатысты.

«G2B» форматындағы кездесулер – GE HealthcareRoche Diagnostics, Philips Healthcare, Medtronic сияқты әлемдік алпауыттардың өкілдерімен өтті.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаһандық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандыруды және технологиялар мен жаңа әзірлемелердің трансфертін қамтамасыз етуді, сондай-ақ отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының үлесін 2025 жылы қолда бар 17-ден 50%-ға дейін жеткізуді тапсырды.  

Науқастарды сапалы емдеу үшін медициналық техника нарығының тиімді жұмыс істеуі мен адал жеткізушілер тізбесі арқылы медициналық мекемелерді заманауи диагностикалық және емдеу-алдын алу жабдықтарымен жарақтандыру қажет.

Бұған дейін ел Президенті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үлгісі бойынша Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуді тапсырған болатын. Осы тапсырмаларды орындау үшін медициналық техниканың әлемдік өндірушілерімен орталықтандыру тетіктерін әзірлеу, оның ішінде өндірісті оқшаулау шарттарымен жұмыс басталды.

ҚР Үкіметі шетелдік инвесторларды отандық фармацевтика саласына тарту үшін инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі бойынша бастамаларды қолдайды. Сондай-ақ, әлемдік фарминдустриямен жемісті өзара іс-әрекет жасау және аты танылған брендтерден инновациялық фармацевтикалық өнім өндірісін оқшаулаудың тиімді жолдарын іздеу мақсатында Қазақстан аумағында мемлекеттік қолдау шаралары құрылуда.

B2B кездесулерінің тұжырымдамасы – фарминдустрияны дамыту үшін Қазақстаннанның қатысушылары мен шетелдік қолданыстағы және әлеуетті дәрі-дәрмектер мен қызметтерді жеткізушілер, инвесторлар мен салалық компаниялардың өкілдері арасында іскерлік кездесулерді алдын ала ұйымдастырудан тұрады. Бұл жобаға қатысу – қазақстандық серіктестермен жаңа байланыс орнату мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға, жаңа тапсырыс берушілермен, клиенттермен және жеткізушілермен танысуға кепілдік береді.

Өз кезегінде, қазақстандық тарап медициналық техника өндірісі бойынша әлемдік алпауыттармен ынтымақтастықтағы мүдделері туралы айтып берді. Кездесуге қатысушылар байланыс-ақпараттарымен алмасып, өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаласты.

Форум ҚР Үкіметінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, «СҚ-Фармация» ЖШС-нің бастамасымен Iteca қазақстандық көрме компаниясының, Е-forum.net зияткерлік онлайн-платформаның және QBP қолдауымен өтуде.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Подробнее
Басқарма Төрағасының блогы
Подробнее
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще
21 ноября 2022
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
16 ноября 2022
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
11 ноября 2022
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"