Жаңалықтар
27.10.2022

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ

2022 жылғы 27 қазанда Астана қаласында 18-ші Қазақстандық халықаралық көрме – Astana Zdorovie 2022 аясында медициналық техника бойынша «MedTech» ІІ халықаралық форумы өтті. Онда сарапшылар отандық медицналық техника өндірісінің даму келешегін талқылады.

Форумға әлемдік және отандық медициналық жабдықтар өндірушілерінің, медициналық ұйымдар мен қауымдастықтардың қоғамдық өкілдері, медициналық жабдықтарды өндіру мәселелері бойынша халықаралық сарапшы-практиктер қатысты.

Форумды ҚР Үкіметі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС-нің қолдауымен «SILKWAY INNOVATION» (E-Forum.net жобасы) құрамына кіретін «Silk Way development Fund» қоғамдық қоры Quality Business Partners-пен серіктесе отырып ұйымдастыруда.

 

Форум гибридті форматта өтті (офлайн және онлайн). Форумның драйвері – Стратегиялық-Бизнес-сессиялар, сондай-ақ қатысушылар дөңгелек үстел басына жиналса, одан кейін талқылау үш тақырыптық сессияға көшті. Форумның күн тәртібінде медициналық жабдыққа қажеттіліктердің өзгеруін ескере отырып, Қазақстанда отандық өндірісті дамыту перспективалары қаралды.

 

Медициналық техниканың отандық өндірісін дамыту – Мемлекет басшысының сала алдына қойған басым міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы шеңберіндегі тапсырмаларын орындау үшін отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін 2025 жылдың өзінде-ақ қолда бар 17-ден 50%-ға дейін жеткізу, сондай-ақ инвесторларды тарту, технологиялар мен жаңа әзірлемелердің трансфертін қамтамасыз ету қажет.

Қазақстан Республикасының Үкіметі осы міндетті шешу үшін жүйелі шаралар қабылдауда: фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспары бекітілді, 2021-2025 жылдарға арналған «САЛАУАТТЫ ҰЛТ» Ұлттық жобасы әзірленді.

Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – медициналық мекемелерді заманауи диагностикалық және емдеу-профилактикалық жабдықтармен жарақтандыруға қолайлы жағдайлар жасау. Бұл күрделі міндет медициналық жабдықтар нарығының тиімді жұмыс істеуіне бағытталған. Зерттеулер көрсеткендей, жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы жағдайында бұл нарық – елдің шаруашылық кешенінің тұрақты дамып келе жатқан буыны.

Ұлттық денсаулық сақтауды одан әрі дамыту жөніндегі шаралар барлық медициналық ұйымдарды қажетті жабдықтармен толық жарақтандыруға, төсек қорын 50%-ға жаңартуға, ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға, өмір сүру ұзақтығын 75 жылға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Стратегиялық сессия «Медициналық жабдықтармен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру» тақырыбына арналды. Спикерлер медициналық техника нарығының үрдістеріне, медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алудың халықаралық тәжірибесіне шолу жасауға баса назар аударды. Бұдан басқа, ҚР-да медициналық техниканы оқшаулау/келісімшарттық өндіру, оның ішінде өндірісті релокациялау перспективалары қарастырылды. Вендорлар үшін инвестициялық әлеует мәселелері де назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, тәжірибеге медициналық техниканың өмірлік циклінің келісімшарттарын енгізу, отандық медициналық техника өндірісінің қазіргі жағдайы, медициналық техниканы сатып алудың қаржы құралдары және ҚР-да оқшауланған медициналық техниканың экспорттық әлеуеті енгізілді.

Сессияда «Мәскеу қаласы Денсаулық сақтау департаментінің Гормедтехникасы» МАМ бас директоры, Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі Roche Diagnostics басшысы, «Medtronic» өкілі, «Ordamed» АҚ операциялық директоры, Орталық Азия, Закавказье, РБ, Моңғолия елдері бойынша Philips компаниясының өңірлік директоры, «Сапа Телемед» ЖШС-нің директоры және «СҚ-Фармация» ЖШС-нің басшысы презентацияларын көпшілікке ұсынып, сөз сөйледі.

            Бизнес-сессия отырысында «Медициналық техника өндірісін дамытудың жай-күйі мен келешегі» тақырыбы талқыланып, сарапшылар денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарына және ЕАЭО ережелеріне сәйкес МТ тіркеу, МТ бағасын белгілеу, табысты әлемдік кейстер үлгісі бойынша медициналық техниканы жеткізудің логистикалық тізбегін дамыту және медициналық жабдықтарды жинақтау үшін қоймаларды уақтылы құру мақсатында МТ бұзылуларына жауап беру бойынша пікірімен бөлісті.

Сессия спикерлері – ҚР ДСМ «ДДСҰО» ШЖҚ РМК Бас директорының МИ жөніндегі орынбасары, Ресей, Кавказ, Орталық Азия аймағы бойынша GЕ Бас директоры, Philips компаниясының Орталық Азия, Закавказье, РБ, Моңғолия елдері бойынша өңірлік директоры, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының атқарушы директоры, «Қазақстанның медицина индустриясы «Медициналық өнімдердің отандық өндірушілерінің одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы, «Ақтөбрентген» АҚ даму жөніндегі директоры, сондай-ақ «Ордамед» АҚ операциялық директоры сөз сөйледі. Кездесу модераторы – «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басшысы.

«Денсаулық сақтаудағы тарифтер әдістемесінің өзекті мәселелері. Халықаралық тәжірибе». Дәл осы тақырыпта медициналық техника бойынша «MedTech» II Халықаралық форумы аясында дөңгелек үстел өтті. Спикерлер гипердиагностиканы және оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне түсетін жүктемеге әсерін, МӘМС тарифтері мен медициналық жабдықтарды сатып алудың заманауи қаржы құралдарын үйлестіруді талқылады. ТМККК ұсыну шеңберінде жабдықтарға деген ресурстық қажеттілік бағаланды.

Сонымен қатар, жабдықтың моральдық ескіруі және жабдықтың бухгалтерлік қызмет ету мерзімі тақырыптары көтерілді. Бұдан басқа, халықаралық тәжірибе негізінде медициналық қызметтерді саналы түрде тұтыну тұжырымдамасын іске асыру сөз болды. Сондай-ақ, баяндамашылар қазіргі заманның демографиялық сын-қатерлері ТМККК-ға және жалпы медициналық қызметтердің құнына қалай әсер ететінін айтып берді.

Кездесуге Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің директоры, денсаулық сақтауды қаржыландыру және саясат саласындағы сарапшы, «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» ЗТБМ МЖӘ сарапшысы, «С.Қайырбекова атындағы ДДҰҒО» ШЖҚ РМК дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптамалық бағалау және формулярлық жүйені дамыту бөлімінің бастығы, «Денсаулық сақтау талдаушылары қауымдастығы» ЗТБ президенті, «Медикер» ЖШС-нің басшысы, «Атамекен» ҚР ҰКП Медициналық қызметтер департаментінің директоры, сондай-ақ «Салауатты Астана» емханасының және «Денсаулық сақтау саласындағы телемедицина және АТ қауымдастығы» ҚБ өкілдері қатысты.

Форум қатысушылары тақырыптық сессияларда денсаулық сақтау ұйымдарының жарақтандырылуы және қолда бар медициналық техника паркінің тозу деңгейі сияқты саланың проблемалық мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, ҚР-да медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелері және биомедициналық инженерлердің кадрлық тапшылығы (денсаулық сақтау ұйымдарында да, нарықта да), сондай-ақ жөндеу кезінде тоқтап қалу уақытының ұлғаюына әкеп соғатын сервистік қызметтерде медициналық техникаға қосалқы бөлшектер резервінің болмау мәселелері де сөз болды.

ҚР аумағында медициналық техниканы оқшаулау және келісімшарттық өндіру, отандық тауар өндірушілер мен жетекші шетелдік өндірушілердің медициналық ұйымдарды толық жарақтандыру бағдарламасына қатысу мәселелері белсенді талқыланды. Форумға қатысушылар қазақстандық медициналық жабдықтар нарығының қазіргі жай-күйін қозғап, ел аумағында медициналық техника өндірісін оқшаулау тәсілдерін қарастырды.

Форум кәсіпқойларды біріктірді және тәжірибе алмасу мен медициналық техника өндірісін дамытудың негізгі мәселелерін талқылау үшін тиімді алаң болды. Мемлекеттік билік пен бизнес өкілдері, оның ішінде халықаралық бизнес өкілдері, реттеушінің өкілдері, шетелдік вендорлар, сондай-ақ қазақстандық дилерлер және жабдықтар мен техника өндірушілер өз пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, форумда тиімді жеке келіссөздер жүргізуге бірегей мүмкіндік берген G2B форматында екі жақты бизнес-кездесулер өтті.

Медициналық техника өндірісі бойынша қазақстандық саланың зор әлеуеті бар, оны әркімнің белсенді қатысуымен ғана іске асыруға болады. Медициналық техниканың оқшаулануы/келісімшарттық өндірісін дамыту Денсаулық сақтау жүйесі үшін де, бизнес үшін де келешегі зор.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Подробнее
Басқарма Төрағасының блогы
Подробнее
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще
21 ноября 2022
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
16 ноября 2022
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
11 ноября 2022
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"