Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
20.05.2025

РЕСЕЙЛІК ӨНДІРУШІЛЕР ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСІМЕН ТАНЫСЫП, ЫНТЫМАҚТАСУДЫ ҰСЫНДЫ

«СҚ-Фармация» ЖШС Томск облысының Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен кездесу өткізді және медициналық инфрақұрылымды жаңғырту және жабдықтарды жеткізу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сапар аясында құрамына Ресейдің жетекші медициналық жабдықтар мен технологиялар өндірушілерінің өкілдері кіретін Томск облысының (РФ) Сауда-өнеркәсіп палатасының делегациясы орталықтандырылған сатып алу тетіктерін, қолданыстағы заңнаманы, медициналық бұйымдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету саласындағы негізгі талаптар мен басым бағыттарды қоса алғанда, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің ерекшеліктерімен танысты.

«СҚ-Фармация» Қазақстан Республикасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу жөніндегі Бірыңғай дистрибьютор ретінде денсаулық сақтауды қамтамасыз етудің тұрақты және заманауи жүйесін құру бойынша жұмысты жалғастыруда. Осыған байланысты логистиканы цифрландыруға, процестерді автоматтандыруға және озық медициналық технологиялардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған технологиялық шешімдер ерекше қызығушылық тудырады.

Өз тарапынан ресейлік компаниялардың өкілдері диагностикалық және зертханалық жабдықтар саласындағы өз әзірлемелерін, сондай-ақ жеткізілімдер мен технологиялық алмасудан бастап өндірісті жергіліктендіруге және Қазақстан аумағында сервистік қызмет көрсетуге дейінгі ынтымақтастықтың мүмкін форматтарын таныстырды.

Кездесу медициналық технологиялар нарығын дамытуға бағытталған әрі қарайғы келіссөздердің негізін қалады.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще
11 июня 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
06 июня 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"