Жаңалықтар
16.11.2022

СҚ-ФАРМАЦИЯ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСТЕ

16 қарашада Ташкентте «Өзбекстан және Орталық Азия Фармасы» Халықаралық конгресі мен көрмесі басталды. Іс-шара құрылыс пен өндірістік қуаттарды жаңғыртудың ірі инвестициялық жобаларын, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған фармацевтикалық өнім өндіруші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін талқылауға арналған.

Ауқымды кездесу барысында фармацевтика саласында тәжірибе алмасуға, жергілікті өндірісті қолдау және алға бастыру, медицина саласында озық цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі шараларды зерделеуге мүмкіндік туды.

Күн тәртібінде таблеткалар, капсулалар, инъекциялар, қант диабетіне қарсы дәрілік заттар, қатты дәрілік заттар мен карбопенемдер, медициналық бұйымдар түріндегі субстанциялар мен дәрілік заттар өндірісін ұйымдастыру сияқты ірі инвестициялық жобалар талқыланды.

Іс-шараға қатысқан 20-дан астам жетекші спикерлердің қатарында ROSSA, Bayer CH, Ника Фарм, Бахттекс-Фарм, SoftGroup AD, замон Рано, Еуразиялық тиісті практика Академиясының және «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторының өкілдері бар.

Қазақстан Президенті өз Жолдауында: «Жаһандық фармкорпорацияларымен ынтымақтастықты жандандыру қажет. Инвесторларды тарту, технологиялар мен жаңа әзірлемелердің трансфертін қамтамасыз ету маңызды. Отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасын кеңейту керек. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісінің үлесін 2025 жылы қолда бар 17-ден 50%-ға дейін жеткізу қажет» деп атап өтті.

Соңғы жылдары Орталық Азияда фармацевтика өнеркәсібі әлеуетінің тұрақты өсу серпіні байқалады – жаңа фармацевтикалық өндірістер құрылуда. Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған өндірістерді белсенді жаңғыртылуда.

Өз кезегінде, СҚ-Фармация қатысушыларды Қазақстандағы қолданыстағы орталықтандырылған сатып алу жүйесі және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіндегі Бірыңғай дистрибьютордың рөлі туралы хабардар етті. Фармацевтика саласындағы инвестициялық мүмкіндітер, сондай-ақ бірегей дәрі-дәрмектерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруге арналған шикізатты өндіруші компаниялармен ынтымақтастық бастамалары жарияланды.

Делегаттардың назарына қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету статистикасы ұсынылды. Мәселен, соңғы жылдары тегін көмек шеңберінде және медициналық сақтандыру жүйесінде нозологияларды қамту 3 есеге, 45-тен 137 нозологияға дейін өсті. Сондай-ақ, СҚ-Фармация тізбесі бойынша сатып алынатын дәрі-дәрмек атауларының 30%-дан астамы өндірілетін отандық тауар өндірушілер туралы ақпарат айтылды.

Баяндама барысында отандық тауар өндірушілерді қолдау және BIGPHARMA-ны тарту жөніндегі шаралар да айтылды, олар отандық дәрілік заттар өндірісін қолдау және дамыту мәселелерінде белсенді ынтымақтастықты, үздіксіз медициналық білім беру жобаларын іске асыру арқылы сапалы медициналық көмек көрсетуді, ғылыми және зерттеу әлеуетін арттыруды, терапияның инновациялық әдістеріне ертерек қол жеткізуді қамтамасыз етуді көздейді.

Медициналық техниканы сатып алу және өндіру назардан тыс қалмады. Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – медициналық мекемелерді заманауи диагностикалық және емдеу-профилактикалық жабдықтармен жарақтандыруға қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Сөз соңында спикер халықаралық форум Орталық Азия елдерінің фармацевтика саласының алдында тұрған түрлі міндеттерді шешуге, шетелдік инвестицияларды тартуға, фармацевтика өндірісін дамыту кезінде озық тәжірибелерді енгізуге және көрші елдердің тәжірибесін қабылдауға ықпал ететініне сенім білдірді.

Біз медициналық техниканы, ақпараттық медициналық жүйелерді орталықтандырылған сатып алу бойынша тәжірибе алмасу мәселелері бойынша елдердің экономикалық ынтымақтастығының үлкен әлеуетін, екіжақты өзара іс-қимылды ұлғайту мүмкіндіктерін атап өттік. Тараптар іс-шараны ұйымдастырғаны және болашақта тиімді ынтымақтастыққа дайындығы үшін алғыс білдірді.

Айта кету керек, «Өзбекстан және Орталық Азия Фармасы» конгресі мен көрмесі 16-18 қараша аралығында Өзбекстан астанасы – Ташкентте өтті. Бұл – инвестициялық жобалар басшыларының, ірі кәсіпорындардың, билік органдарының, реттеуші-қадағалау органдарының, өндіріс технологияларының лицензиарларының, жабдықтарды әзірлеушілердің, өндірушілер мен жеткізушілердің, инжинирингтік және жобалау-құрылыс компанияларының, технологиялар мен қызметтерді жеткізушілердің қатысуымен өткен Өзбекстанның, Қазақстанның, Тәжікстанның және басқа да елдердің 200-ден астам фармацевтика саласының көшбасшылары үшін бірегей кәсіби алаңы.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Подробнее
Басқарма Төрағасының блогы
Подробнее
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще
21 ноября 2022
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
16 ноября 2022
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
11 ноября 2022
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"