Жаңалықтар
18.09.2024

СҚ-ФАРМАЦИЯ КАДР САЯСАТЫНДА МЕРИТОКРАТИЯ ПРИНЦИПІН ҰСТАНАДЫ

 

Тиімді бизнес-процестерді құру және кез-келген ұйымда стратегиялық міндеттерді сәтті жүзеге асыру компанияның кадрлық әлеуетіне тікелей байланысты.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Үміткерді кызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескерген жөн. Бұрынғы жұмысын қалай атқарғаны да қаперде болуы керек. Меритократия қағидаттарынан ешкім бас тартқан жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстың аяқ алысы жаман емес».

Бірыңғай дистрибьютордың кадр саясаты тиімді кадр ресурсын қалыптастырудағы осындай тәсілдерге бағытталған және әрқашан кәсіби меритократия қағидатын ұстанады.

Компанияға үміткерлер өздерінің кәсіби құзыреттілігін, тәжірибесін, дағдыларын, этикалық және моральдық қағидаларын ескере отырып, ашық және транспаренттік негізде тартылады.

Сондай-ақ, «СҚ-Фармация» ішінде қызметкерлердің кәсіби және мансаптық өсуі үшін барлық жағдайлар жасалады. Мысалы, көптеген жылдар бойы менеджерлер немесе бас менеджерлер басқарма бастықтары болған көптеген фактілер бар. Басқарушы директор басшылық лауазымға тағайындалғанға дейін бас менеджерден бастап ұйымда 12 жылдан астам жұмыс істеді.

«СҚ-Фармация» әрқашан өз қызметкерлерінің еңбегін бағалайды және осы дәстүрлерді ұстануды жалғастырады. Мәселен, компанияда меритократия қағидаты бойынша Дәулет Базильбеков Техникалық сүйемелдеу және IT дамыту басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.

sk

Бұған дейін Д.Базильбеков 2017 жылдың мамыр айынан бастап Бірыңғай дистрибьютордың әртүрлі басқармаларында бас менеджер қызметін атқарған. 7 жыл бойы ол өзін бастамашыл, жауапты және кәсіби қызметкер ретінде көрсетті.

Әріптесімізге жаңа салада сәттілік және алға қойылған міндеттерге қол жеткізуді тілейміз!

Бірыңғай дистрибьютор өз тарапынан қызметкерлердің еңбегі мен жетістіктерін объективті бағалау – оларға сенімділік беріп, компанияда жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді деп санайды.

 

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще
11 октября 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
10 октября 2024
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"