Жаңалықтар
23.01.2023

САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА КОНТРАКТ ЖӘНЕ СҚ-ФАРМАЦИЯ САТЫП АЛУДЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ОҚШАУЛАУ САЛАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

23 қаңтарда «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторы алаңында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-мен сатып алуды орталықтандыру және өндірісті оқшаулау саласында тәжірибе алмасу жөнінде кездесу өтті, оны Бас директордың орынбасары - Дархан Рамазанов, сатып алуды категориялық басқару департаментінің директоры - Айдар Кускалиев, сатып алуды категориялық басқару департаментінің сарапшысы - Айжан Байниязова ұсынды.

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС компаниясы сатып алудың категориялық стратегиясының тетігі мен қағидаттарын қолдану тәжірибесімен, сондай-ақ сатып алудың санатты жүйесін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алудың қолданыстағы жүйесінен ажырату тәжірибесімен бөлісті.

Сатып алудың категориялық стратегиялары – бұл тауарлардың белгілі бір санатын сатып алудың оңтайлы тәсілін анықтайтын шағын қағидалар. Баяндама барысында «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері сатып алу категориялық стратегиясының бірқатар мақсаттары мен міндеттері бар екенін айтты.

Біріншіден, бұл шығындарды оңтайландыруға ықпал етеді, сондай-ақ тауар өндірушілердің өндірістік қуатын жаңғырту, тауарды қабылдамау пайызын азайту, ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау, тапсырыс берушілердің операциялық шығындарын оңтайландыру және т.б. сияқты процестердің қозғаушы күші болып табылады.

Стандартты тендер мен категориялық стратегияның айырмашылығы неде?

Тендерлік сатып алулардың негізінде өнім берушінің белгілі бір шарттар бойынша таңдауы жатыр, ал категориялық стратегиялар иеленудің жиынтық құнын ескере отырып сатып алуды көздейді. Яғни, сатып алу бағасы ғана емес, сонымен қатар жабдықтың немесе қызметтің жалпы құнына айтарлықтай әсер етуі мүмкін болашақ шығындар да ескеріледі.

Мемлекет Басшысы бұған дейін біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізуді тапсырған болатын. Категориялық басқару өз кезегінде отандық өндірушілерді қолдаудың қуатты құралы болып табылады.

Баяндамашылар «Арнайы киім» категориясы бойынша сатып алу стратегиясының мысалында отандық шикізат пен фурнитураны пайдалану бойынша белгілі бір талаптары бар қазақстандық өндірушілерден сатып алу жүргізілетінін түсіндірді. Сатып алудың бұл тәсілімен сатып алынатын тауардың сапасын арттыруға, сатып алу қызметіне еңбек шығынын азайтуға, әлеуетті өнім берушілердің біліктілігі бойынша тәсілді біріздендіруге және шоғырландыру мен стандарттау есебінен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік бар.

Сатып алудың категориялық стратегиясының әртүрлі кейстерін қолданудың тиімді тәжірибесін ескере отырып, бұл тетік СҚ-Фармация базасында медициналық жабдықтарды сатып алуды орталықтандыру шеңберінде өзекті болып табылады.

Қандай да бір сатып алудың категориялық стратегиясын құру кезінде аналитикалық рәсімдер жүргізіледі. Бұған тапсырыс берушінің тарихи шығындарын, сатып алу рәсімдерін, олардың кемшіліктерін, тауарларды жеткізу сапасын немесе өнім берушілердің кейбір жұмыстарды орындауын талдау кіреді.

Сондай-ақ, әзірлеу кезінде тапсырыс берушінің сатып алу қажеттілігін қалай жоспарлайтынын түсіну маңызды. Өнім берушілермен шарттық қатынастарды реттеу процесі, қойма қорларының қалыптасуы егжей-тегжейлі зерттеледі. Категориялық стратегияны әзірлеу үшін үш маңызды өлшемшартты зерделеу қажет, бұл шығындар сомасы, бизнес үшін категорияның сыни сипаты және сатып алу көлемін шоғырландырудан синергияның әсері.

Әрбір стратегияда тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тұтас категориясын сатып алу тәртібі, оның ішінде дәрілік заттар мен медициналық техниканы сатып алу мен жеткізуге жағымды әсер ететін сатып алу, сақтау, тасымалдау, қызмет көрсету, жөндеу және кәдеге жарату мәселелері қамтылған.

Барлық баяндамалардан кейін тараптар осы тетікті бірыңғай дистрибуция жүйесіне енгізуді, бар және ықтимал проблемаларды талдауды белсенді талқылады, сондай-ақ бірлескен жобалар туралы пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша оффтейк келісімшарттар және сатып алудың категориялық стратегиясы шеңберінде әдістемелік көмек көрсету бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Анықтама:

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»
АҚ-ның еншілес ұйымы.

СҚК басты миссиясы Холдингке кіретін ұйымдардың үздік халықаралық стандарттар негізінде ашықтықты, тиімділікті арттыру бөлігінде сатып алу жүйесін жетілдіру және дамыту болып табылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ категориялық стратегияларын енгізу 2016 жылы Қор компаниялары тобының сатып алуларындағы Трансформация бағдарламасына сәйкес басталды.Негізгі мақсат тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу мен пайдалану шығындарын азайту болды. Құралды енгізу қорытындылары туралы Холдингте сатып алудың бірыңғай операторы болып табылатын «Самұрық-Қазына Контракт» компаниясында хабарланды. 

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Подробнее
Басқарма Төрағасының блогы
Подробнее
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще