Бүгін Бірыңғай дистрибьютор алаңында Қытайдың ең ірі фармацевтикалық компанияларының бірі – Yangtze River Pharmaceutical Group өкілдерімен кездесу өтті.
Негізгі тақырып – ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанның фармацевтика саласын дамыту болды.
Қытай тарапынан компанияның бас директоры Конг Пенгчен, бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Ли Гоксу және BD менеджері Хэ Зию қатысты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның фармацевтикалық нарығына инвестицияларды ұлғайту келешегін, өндірісті жергіліктендіру, технологиялар трансферті, сондай-ақ инновациялық дәрілік заттарды енгізу мәселелерін талқылады. Қазіргі заманғы дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыруға және елдегі денсаулық сақтау деңгейін жақсартуға бағытталған сапалы фармацевтикалық өнімдер ассортиментін кеңейту стратегиясына ерекше назар аударылды.
«СҚ-Фармация» өкілдері Бірыңғай дистрибьютордың басты міндеті халықты қолжетімді және тиімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. «СҚ-Фармация» инновациялық шешімдерді енгізу, инвестицияларды тарту және қазақстандық кәсіпорындар базасында халықаралық фармацевтикалық өндірушілерді жергіліктендіру үшін жағдайлар жасау бойынша дәйекті жұмыс істеуде.
Кездесуге қатысушылар Бірыңғай дистрибьютордан сатып алу жүйесінің ерекшеліктерін талқылады.
Yangtze River Pharmaceutical Group озық фармацевтикалық технологияларды беру жөніндегі жобаларды қоса алғанда, қазақстандық кәсіпорындармен табысты өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі бар екені атап өтілді. Бұл ұзақ мерзімді серіктестікті одан әрі дамыту үшін берік негіз болды.
Кездесу қорытындысы бойынша диалогты жалғастыру және екіжақты өзара әрекеттесудің нақты бағыттарын пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Yangtze River Pharmaceutical Group жыл сайын 10 миллиард доллардан астам айналымы бар Қытайдың фармацевтика өнеркәсібінің жетекші күші болып табылады. Компания жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және өндіруге қомақты қаражат салады.