Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
14.03.2025

14 НАУРЫЗ - КӨРІСУ МЕЙРАМЫ!

Құрметті Қазақстан халқы!

Сіздерді 14 наурыз – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн көктемнің шуақты лебі мен жаңа өмірдің бастауы, сондай-ақ әрбір азаматтың жүрегінде жаңару мен үміт сезімін оятатын ерекше мереке. Туған жердің топырағында өсіп-өнген әрбір қазақстандыққа мол бақыт, денсаулық және табыс тілейміз!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарды шын жүректен әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтап: «Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады», - деп атап өтті. Сонымен қатар, Президент бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастағанын, осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түсетіндігін айтты.

СҚ-Фармация атынан Сіздерге жақсылық, бейбітшілік және өркендеу тілейміз. Жаңа күндер жаңа мүмкіндіктер әкелсін, ал Көрісу күні әрбір шаңыраққа қуаныш пен молшылық сыйласын!

Дендеріңіз сау, ғұмырларыңыз ұзақ болсын!

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще
19 марта 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
14 марта 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"