Жыл сайын 14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні, аталмыш дата инсулинді ашқан ғалымдардың бірі Фредерик Бантингтің еңбегін мойындау белгісі ретінде таңдалды.
Бұл күн бізге осы ауыр сырқатпен күресудің маңыздылығын және күн сайын қант диабетімен байланысты қиындықтарға тап болатын миллиондаған адамдарға қолдау көрсетуді еске салады.
«СҚ-Фармация» ЖШС Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьютор ретінде елімізде қант диабетімен ауыратын науқастар үшін дәрі-дәрмек көмегінің қолжетімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге күн сайын өз үлесін қосуда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, компания жыл сайын балаларға да, ересектерге де уақтылы және сенімді дәрілік қамтамасыз ету мәселесін шеше отырып, препараттар мен медициналық бұйымдарды елдің медициналық мекемелеріне сатып алуды және жеткізуді жүзеге асырады.
Мәселен, 2024 жылға дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу 54 атау бойынша жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде республиканың медициналық ұйымдарына 200 млн астам мөлшерінде дәрілік заттар жеткізілді. Жасалған шарттарға сәйкес стационарлық көмек көрсету үшін медициналық мекемелерге ДЗ және МИ 3 млн астам мөлшерінде жөнелтілді.
СҚ-Фармация қант диабетімен ауыратын адамдардың өмірін жеңілдетуге ұмтыла отырып, өмірлік маңызды дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін қолдау жөніндегі өз миссиясын жалғастыруда.