Пациенттерді дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету – Бірыңғай дистрибьютор қызметіндегі басым бағыт. Бірыңғай дистрибьютор мәселелерді жүйелі және жедел пысықтап, ел халқын үздіксіз және тиімді дәрілік қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды. Ол үшін барлық басым бағыттарда кешенді жұмыс жүргізілуде.
2023 жылы «СҚ-Фармация» ЖШС-і Бірыңғай дистрибьюторы Мемлекет Басшысының жаһандық фармакорпорациялармен ынтымақтастықты жандандыруға қол жеткізу, инвесторларды тарту, технологиялар мен жаңа әзірлемелердің трансфертін қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін 50%-ға дейін ұлғайту бөлігінде тапсырмасын орындау бойынша қарқынды жұмыс жүргізді.
Биыл Бірыңғай дистрибьютор маңызды әрі мәнді нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жыл – сала үшін жемісті және серпінді жыл болды. Біз елімізде жаһандық жобалардың пайда болуының куәсі болдық, ал әлемдік фармнарығының ойыншылары отандық нарыққа көбірек қызығушылық танытуда.
Дәрілік заттар мен медициеалық бұйымдарды сатып алу
2023 жылы Бірыңғай дистрибьютор жалпы сомасы 449,5 млрд теңгеге 1571 атау дәрілік зат пен медициналық бұйым сатып алды. Бұл ретте ауыспалы қалдық 1,2 млрд теңге болатын жылдық қажеттілікті жапты.
Сатып алу түрлері туралы айтатын болсақ, 758 атау ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде, 148 – тікелей келісімшарттар арқылы, 616 – екі кезеңді тендер арқылы және 13 – Юнисеф, БҰҰДБ және СТОП-ТБ сияқты халықаралық ұйымдар арқылы сатып алынды.
Бірыңғай дистрибьютор республика бойынша 2 мыңнан астам медициналық ұйымдарды және 2,2 млн-нан астам пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді.
Айта кету керек, сатып алу қорытындысы бойынша бюджет қаражатын үнемдеу 21,5 млрд теңгені құрады. Үнемделген бюджет қосымша сатып алуға бағытталады, бұл пациенттердің одан да көп санын тегін дәрі-дәрмекпен қамтуға мүмкіндік береді.
Отандық тауарөндірушілерін қолдау
Отандық өндірісті қолдау – Бірыңғай дистрибьютор қызметіндегі басты бағыттардың бірі. Фармацевтика саласындағы қолдау шарасы ұзақ мерзімді шарттар жасасу түрінде көзделген.
Бүгінгі таңда 36 отандық тауар өндірушімен 4 411 дәрі-дәрмек атауын жеткізуге жасалған 96 ұзақ мерзімді шарт бар. Оның ішінде 640 – дәрілік заттар және 3771 – медициналық бұйымдар.
Сонымен қатар, отандық фарминдустрияны дамыту үшін отандық дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен медициналық жабдықтарды қолдау және танымал ету бойынша «Made in PharmaKZ» жобасы іске қосылды. Бастама халықтың сенімін арттыруға және қазақстандықтардың тұтынушылық патриотизмін қалыптастыруға бағытталған.
Жоба шеңберінде салалық қауымдастықтармен: «Қазақстан ФармМедИндустрия» «Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту Қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан Мединдустриясы» «Медициналық бұйымдарды, медициналық өнімдерді отандық өндірушілер одағы» ЗТБ және «Медициналық бұйымдарды өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ Меморандумға қол қойылды.
Инвестициялар тарту және Bigpharma-мен ынтымақтасу
Жылдың басты драйвері – Қазақстан аумағында инновациялық бірегей дәрі-дәрмектер өндірісін жергіліктендіру үшін Pfizer және Roche әлемдік фармалыптарымен тарихи ұзақ мерзімді шарттарға қол қойылды. Осылайша, Pfizer 20 валентті пневмококкты вакцинаны және онкологиялық ауруларды емдеуге арналған Roche биотехнологиялық дәрі-дәрмегін өндіру туралы келісімге қол жеткізілді.
Бірыңғай дистрибьютор елдегі дистрибьюторлық қызметін қамтамасыз ете отырып, осы тарихи бастамада негізгі серіктестердің рөлін өзіне алды. Өнім республика аумағында жергіліктендіріліп, ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық ұйымдарға жеткізілетін болады.
Жылдың тағы бір жаңалығы – Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «Қырғызфармация» МК мен Бірыңғай дистрибьютор арасында жасалған ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандум түрінде бекітілген бірігіп сатып алу бастамасы болды. Екі ел үшін алғашқы пилоттық сатып алуды 2024 жылы өткізу жоспарлануда.
BigPharma-ны тарту бойынша жұмысты жалғастыра отырып, отандық және шетелдік компаниялармен тағы төрт Меморандумға қол қойылды. Осылайша, Қазақстан «Джонсон & Джонсон» ЖШҚ-мен және «Bayer KAZ» ЖШС-мен клиникалық зерттеулер саласында дәрі-дәрмектердің келісімшарттық өндірісін және технологиялар трансферін дамытуға шарттар жасасты. Сондай-ақ, Қазақстан аумағында жаңа фармацевтикалық өндіріске инвестиция салуға мүдделі BIOCAD компаниясымен және Santo отандық кәсіпорнымен кластер мен зерттеу секторының әлеуетін дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Бұдан басқа, «AstraZeneca» халықаралық биофармацевтикалық компаниясымен қазақстандық өндіріс негізінде инновациялық дәрі-дәрмектерді жергіліктендіру туралы Меморандум жасалды.
Отандық фарминдустрияны дамыту бойынша Азия елдері, оның ішінде ҚХР-мен де үлкен жұмыс жүргізілді. Қытайлық серіктестермен кездесулер және Қазақстан-Қытай форумы өткізілді. Сындарлы диалогтардың нәтижесі – Mindray, Sinovac және Sinopharm алып компанияларымен өндіріс технологияларын Қазақстанға трансферттеу жөніндегі келісімдерге қол қою болды.
Біздің бастамамызбен Қытайдың дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы тауарларды импорттау және экспорттау жөніндегі сауда палатасы (CCCMHPIE) мен Қазақстан ФармМедИндустрия қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Медициналық-фармацевтикалық кластерлерді толық өмірге келтіру үшін Оңтүстік Корея тарапымен келіссөздер жүргізілді. Кездесулердің бірінде Шымкентте медициналық-фармацевтикалық кластер құру туралы Меморандумға қол қойылды. Одан кейін Вонжу Техноаңғары (WMIT) – Оңтүстік Кореяның медициналық өнеркәсіп кластерлер қаласы мен «Оңтүстік Қазақстанның фармацевтикалық кластері Қауымдастығы» ЗТБ арасында Меморандум жасалды.
Ұзақ мерзімді шарттар, офтейк келісімшарттар, лизингтік тетіктер және ӨЦК тетіктерін пайдалана отырып, өндірісті жергіліктендіру мәселелері бойынша шетелдік медициналық техника өндірушілерімен ынтымақтастыққа түйінді мән беріледі. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша Нью-Йоркте қыркүйек айында Қазақстанмен GE Healthcare инвестициялары туралы келісімге қол қойылды.
Медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторы базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуге бағыт берілгені белгілі.
2023 жылы Бірыңғай дистрибьютор базасында жалпы сомасы 59,6 млрд теңгеге 525 бірлік медициналық техниканы сатып алу бойынша аукциондар өтті.
Сатып алу рәсімдері ҚР Қаржы министрлігінің «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-ы бірыңғай операторының платформасында жүзеге асырылады.
Сатып алудың ең жоғары үлесі Алматыға тиесілі – елдің оңтүстік астанасы үшін жалпы сомасы 5,3 млрд теңгеге 65 бірлік медициналық техника сатып алынды. Содан кейін Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр, өңір үшін 3,6 млрд теңгеге 39 бірлік жабдық сатып алынды. Үштікті Түркістан облысы жабады, ол үшін жалпы құны 5,6 млрд теңге болатын 37 бірлік техника сатып алынды.
Айта кету керек, барлық өңірлерден сатып алуды орталықтандыру және қажеттілік көлемін шоғырландыру бюджет қаражатын үнемдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу 4,3 млрд теңгені құрады – оның 6,8%-ы бағаны төмендету жөніндегі келіссөздер шеңберінде – 41,5 млн теңге.
Қорытынды
Шынында да, 2023 жыл табысты әрі нәтижелі болды. Кез келген жылдағыдай, Бірыңғай дистрибьютор Денсаулық сақтау жүйесі мен ұлт денсаулығына зор мән береді, бұл сөзсіз қоғамдық құндылық, Қазақстанның ұлттық байлығы мен қауіпсіздігінің негізі болып табылады.
Сұраныстың өзгеруіне жедел және нақты жауап бере алатын, кез келген төтенше жағдайда икемді бола алатын және пациенттердің қажеттіліктеріне назар аудара алатын жұмыс әлі де басымдық болып қала береді.
2024 жылы Бірыңғай дистрибьютор елдің игілігі үшін одан да ауқымды мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін барлық күш-жігерді жұмсауға ниеттеніп, елдің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін және жалпы денсаулық сақтауды жақсарту үшін барлық басым бағыттарда жан-жақты жұмысты жалғастырады!