Әлемде жыл сайын 26 наурыз – Эпилепсиямен ауыратын науқастар күні немесе Күлгін күн ретінде аталып өтеді.
Бұл халықаралық іс-шара эпилепсия туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Күлгін немесе лаванда түсі оның символы ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ – ол жүйке жүйесін тыныштандырып, мазасыздықты, қорқынышты және фобияны азайтуға көмектеседі.
Эпилепсия – кез келген жастағы адамдарға әсер ететін созылмалы инфекциялық емес ми ауруы. Ол әлемдегі ең көп таралған неврологиялық аурулардың бірі болып табылады, бүгінде шамамен 50 миллион адам осы дертпен өмір сүреді. Қазақстанда 45 мыңнан астам эпилепсиямен ауыратын науқас бар, олардың 40%-ға жуығы – балалар.
СҚ-Фармация бірыңғай дистрибьютор ретінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу жұмыстарын ұйымдастыра отырып, кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде эпилепсияға қарсы дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.
2025 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютор тізіміне амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізіміне сәйкес (дәрілік түрлері мен дозаларын ескере отырып) эпилепсияны емдеуге арналған 45 дәрілік заттың атауы енгізілген. Оның ішінде 2 дәріге өңірлік медициналық ұйымдар тарапынан сұраныс берілмеген.
Осылайша, 43 дәрі-дәрмек сатып алуға жатады, оның 32-сі сатып алынды, ал қалғандары бойынша сатып алу рәсімдері жалғасуда.
Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында республикадағы медициналық ұйымдарға 17 127 861 бірлік дәрілік зат 1 200,26 млн теңге сомасына жеткізілді.
Стационарлық көмек көрсету үшін осы атаулар бойынша медициналық ұйымдарға 472 679 бірлік препарат 575,43 млн теңге сомасына жөнелтілді.
СҚ-Фармация эпилепсиямен ауыратын науқастарды сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмысын жалғастыруда.
Алдын алу шаралары, тұрақты медициналық тексерулер және ауру белгілері туралы хабардар болу – денсаулық пен ұзақ өмірдің басты қадамдары.