Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
28.02.2025

28 АҚПАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРФАНДЫҚ АУРУЛАР КҮНІ

Жыл сайын ақпан айының соңғы күні бүкіл әлемде Халықаралық орфандық (сирек) аурулар күні атап өтіледі. 2025 жылы ол 28 ақпанға түседі. Бұл күн сирек кездесетін аурулар туралы хабардарлықты арттыруға, пациенттер мен олардың отбасыларын қолдауға, сондай-ақ орфандық сырқаты бар адамдарды диагностикалаудың, емдеудің және әлеуметтік бейімдеудің тиімді әдістерін әзірлеу қажеттілігіне қоғамның, медициналық қоғамдастықтың және биліктің назарын аударуға арналған.

Қазақстанда 10 000 адамның ішінде кездесетін 1 жағдайдан аспайтын аурулар сирек деп есептеледі. Біздің елде орфандық аурулар мен оларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің ресми тізімі бар.

СҚ-Фармация өз жұмысы асяныда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьютор бола отырып, барлық мұқтаж науқастарды сирек кездесетін ауруларды емдеу үшін бүкіл ел бойынша дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін жақсартып, сапалы және заманауи дәрілік заттармен қамтамасыз етуге белсенді жәрдемдеседі.

2025 жылға Бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне орфандық дәрі-дәрмектердің 208 атауы кіреді, оның ішінде 15 позицияға медициналық ұйымдардан қажеттілік мәлімделмеген, дәрілік нысандар мен дозаларды ескере отырып, дәрілік заттардың 6 атауы «Қазақстан халқына» ҚҚ қаражаты есебінен сатып алынады, ал дәрі-дәрмектің 1 атауы бойынша 2025 жылға жылдық медициналық ұйымдардың қажеттілігін қамтитын 2024 жылдан бастап болжамды ауыспалы қалдық бар.

Осылайша, биылғы жылы орфандық ауруларды емдеу үшін көзделген дәрілік заттардың 186 атауына қажеттілік жарияланды. Оның ішінде 163 атау сатып алынды, қалған атаулар бойынша сатып алу рәсімдері жалғасуда.

Бүгінгі таңда амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде республиканың медициналық ұйымдарына 16 070 955 бірлік дәрілік заттар жеткізілді. Осы атаулар бойынша стационарлық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға 707 245 бірлік дәрі-дәрмек жөнелтілді.

СҚ-Фармация орфандық ауруларды емдеуге арналған сапалы дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша өз жұмысын жалғастыруда. Алдын алу, жүйелі түрде тексеру және симптомдар туралы хабардар болу мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр жолындағы негізгі қадамдар екенін еске саламыз.

Дереккөз: "СҚ-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще
30 марта 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"
28 марта 2025
Источник: Пресс-служба ТОО "СК-Фармация"