Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
21.07.2022

АНТИКОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ САТЫП АЛУДЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

21 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі базасында «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторының бастамасымен медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру мәселесі бойынша кеңес өтті. Кеңес Агенттіктің Превенция қызметі басшысының орынбасары Д.К.Мағауин мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг басқармасының басшысы А.Т.Карипованың қатысуымен өтті.

Кеңесте Қазақстанда медициналық жабдықтарды орталықтандырылған сатып алуға көшу бойынша қабылданып жатқан шаралар ұсынылды. Қазіргі уақытта медициналық техникамен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі проблемалары жарақтандырудың жеткіліксіздігі және қолда бар жабдықтар паркінің тозу деңгейінің жоғары болуы, жергілікті жерлерде медициналық техниканы сатып алу кезінде бағалардың шашыраңқылығы, медициналық жабдықтар мен сервистік қызмет көрсетудің отандық өндірісін дамытудың жеткіліксіздігі болып табылады. Аталған проблемаларды шешу үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-нің базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуды екі кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда. Бұдан әрі қаржыландыру көздерін айқындай отырып, таяудағы бес жылға арналған медициналық техникамен жарақтандырудың республикалық бағдарламасы бекітілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, ел Президенті медициналық техниканы сатып алу жүйесінің жоғары сыбайлас жемқорлыққа ұшырағанын айтып, медициналық техниканы сатып алу жүйесін түбегейлі қайта қарау қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үлгісі бойынша Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшуді тапсырды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Кеңестің жалпы денсаулық сақтау жүйесі үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті, өйткені компанияның қызметі өткізілетін сатып алу рәсімдерінің сапасына, сондай-ақ бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға қатысты көптеген даулар тудырып келетін қазіргі уақыттағы медициналық жабдықтарды сатып алу жүйесінің дәстүрлі тәсілдерін өзгертуге бағытталған.

Өз кезегінде, Бірыңғай дистрибьютордың Басқарма Төрағасы Е.Искалиев Бірыңғай дистрибьютор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізгенін атап өтті. Қоғамның дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне көбірек көңіл бөлгенін ескере отырып, Бірыңғай дистрибьютор компания жұмысының ашықтығын арттыру үшін СҚ-Фармация қызметін қайта жүктеу бағдарламасын жүзеге асырды.

2020 жылы СҚ-Фармацияның бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе қоғамды тарта отырып, Бірыңғай дистрибьютордың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық қауіптерін жою бойынша ұсынымдары бар іс-шаралар жоспары әзірленді, ол толық көлемде орындалды, үкіметтік деңгейде тиісті өзгерістер қабылдау үшін бірқатар ұсыныстар Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді.

Бірыңғай дистрибьютор медициналық жабдықтарды сатып алуды орталықтандыру мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтау үшін бастамашылық жасалған шаралар жұмыс тобының, құрамына азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастық өкілдері, депутаттар мен салалық сарапшылар кіретін қоғамдық жұмыс тобының алаңдарында талқыланды. Сонымен қатар, еліміздің денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық ұйымдары атынан өңірлермен талқылау жүргізілді.

Пациенттерді сапалы емдеу және медициналық мекемелерді заманауи диагностикалық, емдеу-профилактикалық жабдықтарымен жарақтандыруға қолайлы жағдай жасау мақсатында медициналық техникамен жарақтандырудың проблемалық мәселелері, оның ішінде жарақтандыруды жоспарлау, медициналық техниканы пайдалану тиімділігі, мамандарды даярлау (денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық және техникалық персоналы), сервистік қызмет көрсету мен жөндеуді жетілдіру мәселелері пысықталды.

Медициналық техниканы, оның ішінде орталықтандырылған сатып алуды жүзеге асыру бойынша әлемдік тәжірибе талданды.  Мәселен, озық елдердің, атап айтқанда АҚШ, Малайзия, БАӘ, Корея, Австралия, Еуропалық Одақ елдерінің, Жапонияның тәжірибесі зерделенді.

«Сондай-ақ цифрландыруды дамыту электрондық платформалар арқылы рәсімдерді автоматтандыру процестерін енгізу есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал ететінін ұмытпаған жөн», - деп атап өтті Е.Искалиев.

«СҚ-Фармация» ЖШС-нің базасында Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйенің (БФАЖ) порталы әзірленді, ол арқылы денсаулық сақтау ұйымдары мен өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының өтінімдері беріледі. Бұдан басқа, бұл портал «Электрондық қаржы орталығы» АҚ (ЭҚО) сатып алу веб-порталымен синхрондалғанын атап өту қажет, соның арқасында рәсімдерді қағаз түрінде жүргізілмеуі және «адами факторы» болдырмауы қамтамасыз етіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне СҚ-Фармация БФАЖ порталында медициналық техниканы сатып алуға өтінім беру көрсетілді.

Ірі әлемдік өндірушілермен жергіліктендіру/келісімшарттық өндіріс мәселелері белсенді түрде пысықталуда. Өндірісті оқшаулауға Canon, Philips, General Electric және басқа да компаниялар қызығушылық танытты.

Оқшау өндірістерге қойылатын талаптардың бірі – медициналық ұйымдардың техникалық және дәрігерлік мамандарын даярлау, жұмыс істеп тұрған сервистік орталықтарды ашу немесе кеңейту, қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарының қоймаларын қалыптастыру болып табылады, бұл жөндеу кезінде жабдықтың бос тұрып қалу уақытын азайту, халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру есебінен сатып алынатын медициналық техниканы пайдалану тиімділігін арттыруға әкеледі.

Бұл жоба белгілі бір кезеңге арналған ұзақ мерзімді келісімшарттар тетігін пайдалана отырып іске асырылатын болады, олар оқшауландырылған компанияларға сатып алудың кепілдік берілген көлемін ұсынуды көздейді. Медициналық техника өндірісін оқшаулауды дамыту – Денсаулық сақтау жүйесі үшін де, бизнес үшін де кең перспективалар ашады.

Осының барлығы медициналық техниканы сатып алуды жоспарлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, қажетті медициналық жабдықпен жарақтану деңгейін арттыруға, сатып алуды шоғырландыру және техникалық тапсырмаларды біріздендіру есебінен оның құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сервистік қызмет көрсету мен кадрларды оқыту сапасы артады, медициналық техника нарығында отандық тауар өндірушілердің үлесі артады. 

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері медициналық жабдықтарды орталықтандырылған сатып алуға көшу бойынша қабылданып жатқан шараларды жоғары бағалап, жүйе жұмысында сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту жөнінде кейбір ұсынымдар берді. Бұл шараларды енгізу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тығыз өзара іс-қимылда жүргізілетін болады. Бірыңғай дистрибьютор, өз кезегінде, ашықтық пен айқындық қағидатын ұстана отырып, дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтарды сатып алу жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыруда. 

 

Анықтамалық:

 

«Электрондық қаржы орталығы» АҚ– бизнес-процестер мен қоғамды трансформациялай отырып, IT-технологияларды енгізеді. Мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін және мемлекеттік органдардың функцияларын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қаржы саласындағы бизнес-процестерді цифрлық трансформациялау.

СҚ-Фармация БФАЖ – бұл шарттық міндеттемелердің орындалуына, дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдаудың тиісті шарттарының сақталуына және қалдық жарамдылық мерзімінің сақталуына онлайн-мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін логистикалық операциялар мен қоймаларды басқару жүйесі.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
Посмотреть еще