Жаңалықтар
21.04.2022

ATABAY ЖӘНЕ СҚ-ФАРМАЦИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДЕ

Бірыңғай дистрибьютор Kazakh Invest компаниясының қолдауымен ATABAY Pharmaceuticals&Fine Chemicals түрік фармацевтикалық компаниясымен кездесу өткізіп, онда фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жоспарлары талқыланды.

 Мемлекет басшысы жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықтың, инвесторлар тартудың, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Фармацевтикалық өнімнің отандық өндірісін дамытуды қолдауды жүзеге асыру үшін өткізілетін іс-шаралар аясында Бірыңғай дистрибьютор қаптамадан бастап өндірістің толық цикліне дейін ірі дәрілік брендтер еліне кіру үшін алаңды қамтамасыз ету бастамасын көтереді.

Осылайша, Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін Бірыңғай дистрибьютор әлемдік фармацевтика индустриясының ірі ойыншыларымен кездесулер өткізеді, олардың барысында қазақстандық фармацевтика нарығына қатысудың перспективалық жоспарлары және салаға инвестициялау мәселелері талқыланады.

Қымбат бағалы инновациялық өнімдер өндірісін дамыту, саланы технологиялар трансфері, бірегей дәрілік заттарды оқшаулау және субстанциялар өндірісі бағытында ілгерілету бүгінгі күні сала үшін маңызды мәнге ие. Қазақстан Үкіметі фармацевтика өнеркәсібін дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарын қабылдап, іске асырып жатыр, 2021-2025 жылдарға арналған «ДЕНІ САУ ҰЛТ» ұлттық жобасын әзірледі, онда бағыттардың бірі фармацевтика ғылымын дамыту және әлемдік ойыншылардың қатысуымен жаңа өндірістер құру болып табылады.

ATABAY компаниясы GMP (good manufacturing practices/тиісті тәжірибе өндірісі) халықаралық стандарты бойынша фармацевтикалық препараттардың, ауылшаруашылық және ветеринарлық-химиялық препараттардың 100-ден астам түрін, соның ішінде антибиотиктер, антигистаминдер, обырға қарсы, туберкулезге қарсы және басқа да дәрілік заттарды өндіреді.

ATABAY өз өнімдерін АҚШ, Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдеріне экспорттайды. Компанияның Гебзе (ATABAY Gebze Plant – 10 000 ш.м.) және Аджибадем (ATABAY Acıbadem Plant – 50 000 ш.м.) қалаларында екі өндірістік алаңы бар.

Анықтамалық:

ATABAY Pharmaceuticals&Fine Chemicals – 1939 жылы Ыстамбұл қаласында құрылған отбасылық түрік фармацевтикалық компаниясы. Компанияның негізгі бағыты дженериктік (бірегей дәрілік заттардың арзандатылған аналогы) дәрілік заттар мен белсенді фармацевтикалық ингредиенттер (API) өндіру болып табылады.

Дереккөз: Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще