Байланыс орталығы 1439
Жаңалықтар
15.03.2024

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

15 наурызда «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиевтің Атырауға жұмыс сапары өтті. Сапардың басты мақсаты – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің және медициналық ұйымдарды жергілікті медициналық активпен медициналық жабдықтармен жарақтандырудың өзекті мәселелерін талқылау болды.

          «№7 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК алаңында Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Әбдалиев пен өңірдің медициналық ұйымдарының бас дәрігерлерінің қатысуымен өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері жергілікті талқыланды.

Тараптар аурухананың ағымдағы медициналық жабдықтарының жай-күйімен және жұмыс қабілеттілігімен танысып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, дәрілік заттарды есепке алу, дебиторлық берешек, дәрі-дәрмектерді жоспарлауды жақсарту, медициналық ақпараттық жүйелердің жұмысы тақырыптарын қозғады. Сонымен қатар, медициналық техника паркін басқарудың медициналық ақпараттық жүйесінің мәселелері көтерілді.

          Сондай-ақ, тараптар денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, халық үніне құлақ асатын мемлекет контекстінде пациентке бағдарланған денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру мақсатында медициналық ұйымдар деңгейінде дәрі-дәрмектерді дербестендірілген есепке алуды енгізу қажеттілігі мәселелеріне тоқталды.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бүкіл жүйесіндегі маңызды тұсы – медициналық ұйымдардың өтінімдерді дұрыс жоспарлауы және игеруі болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, олар дәрі-дәрмектердің атаулары, жеткізу көлемі мен кестесі бойынша қажеттілікті өздері анықтайды. Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмектерді сатып алуды және жеткізуді осы өтінімдер негізінде жүзеге асырады.

Сондай-ақ, өңірдің медициналық ұйымдарын медициналық жабдықтармен жарақтандыру басты мәселе болып қала береді. Пациенттерді сапалы емдеу үшін медициналық жабдықтар нарығының тиімді жұмыс істеуі және адал жеткізушілер тізбесінің болуы жолымен медициналық мекемелерді заманауи диагностикалық және емдеу-профилактикалық жабдықтармен жарақтандыру қажет.

Бұл тұрғыда медициналық жабдыққа өтініш беру мәселесі бөлек көтерілді. Бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы медициналық жабдықты сатып алу орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу операторы ретіндегі қызметі тек сатып алуды жүргізу ғана емес, сонымен қатар тапсырыс берушілердің ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығына және сараптамалық қорытындының сәйкестігіне өтінімдерін қарау болып табылады. Егер құжаттардың толық пакеті ұсынылса және тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігі сараптамалық қорытындыға сәйкес келсе, онда Бірыңғай дистрибьютор тендерлік рәсімді өткізеді.

Бірыңғай дистрибьютордың маңызды қаржылық құрамдас бөлігі болып табылатын дебиторлық берешек мәселесіне ерекше назар аударылды, өйткені сатып алу алдын ала жүзеге асырылады – келесі жылға арналған дәрі-дәрмектер ағымдағы жылы сатып алынады. Тиісінше, бұл ел халқын дәрімен қамтамасыз етудің бүкіл жүйесіне тікелей әсер етеді.

Сапар аясында өңірдің медициналық активі тарапынан дәрімен қамтамасыз ету жүйесін жақсартуға және облысты медициналық жабдықтармен жарақтандыруға бағытталған бірқатар мәселелер мен ұсыныстар айтылды. Басқарма Төрағасы кездесудің барлық қатысушыларына қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдіріп, әрбір айтылған ұсыныс қаралатынын атап өтті.

Айта кету керек, ел өңірлерінде медициналық активпен кездесулер жыл сайын жүйелі негізде өткізіледі. Бұл тәсіл – бүкіл Қазақстанда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін анықтауға көмектеседі.

Жұмыс сапарының соңында тараптар мемлекеттік органдар, ғылым және бизнес алға қойылған міндеттер бойынша бірлесіп жұмыс істеп, қатар дамуы тиіс екенін атап өтті. Осылайша, бірлескен жұмыс Денсаулық сақтау жүйесінің үлкен перспективаларын ашады және медицина мен фармацевтика саласының дамуына жаңа серпін береді. Бірыңғай дистрибьютор басшысы өз кезегінде, Атырау облысының әлеуетін және елдің жалпы инфрақұрылымындағы өңірдің маңызды рөлін атап өтті.

Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
Посмотреть еще