Жаңалықтар
14.04.2022

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КЛАСТЕРЛЕР ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

13 сәуірде «СҚ-Фармация» ЖШС Ақтөбе облысының әкімдігімен, сондай-ақ серіктес – «Kazakh invest»-пен бірлесіп, R&D орталықтары типі бойынша өңірде фармацевтикалық кластерлер құру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен өтті. Сондай-ақ, кеңеске «Ақтөбе «ӘКК» АҚ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің «AktobeMedical Center» ШЖҚ МКК, «Актюбрентген» АҚ, сондай-ақ, отандық фармацевтикалық өнім өндірушілерінің өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықтың, инвесторлар тартудың, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін 2025 жылдың өзінде қолда бар 17-ден 50%-ға дейін жеткізу қажет. Осылайша, фармацевтикалық және медициналық өнімдердің отандық өндірісін дамытуды қолдауды жүзеге асыру үшін өткізілетін іс-шаралар аясында Бірыңғай дистрибьютор қаптамадан бастап өндірістің толық циклына дейін ірі брендтер еліне кіру үшін алаңды қамтамасыз ету бастамасын көтереді.

Үкімет қабылданған 2025 жылға дейін Фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі кешенді жоспарының негізгі бағыттарының бірі фармацевтикалық ғылымды дамыту және әлемдік ойыншылардың қатысуымен жаңа өндірістер құру болып табылады.

Осыған байланысты отандық ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми зертханаларды, ірі медициналық жоғары оқу орындарын, отандық өндірістік алаңдарды тарту, инвестициялық жобаларды қолдау институттарын, жергілікті атқарушы органдарды тарту, сондай-ақ R&D орталықтары типі бойынша еркін экономикалық және индустриялық аймақтарда кластерлерді өрістету арқылы фармацевтикалық кластерлер құру орынды болып табылады.

Бұдан басқа, медициналық жабдықтар мен шығыс материалдарының өндірісі белсенді дамитын болады. Ел Президенті отандық өндірушілермен жасалған оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасын кеңейтуді тапсырды. Бұл салалар инвестициялар үшін ашық және мұндай жобалар мемлекет тарапынан толық қолдауға ие болады.

Республикада фармацевтикалық кластерлерді құрудың ең тартымды өңірлері – аумағында өндірістік алаңдар мен жетекші медициналық жоғары оқу орындарының шоғырлануына байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Ақтөбе облыстары болып табылады.

Бірыңғай дистрибьютор Кешенді жоспарды орындау және саланың стейкхолдерлерімен табысты өзара іс-қимыл жасау мақсатында әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүдделерін ескере отырып, өңірлік фармацевтикалық кластерлер құру мәселесі бойынша облыстар мен қалалардың әкімдеріне ұсыныстар жіберді.

Сондай-ақ, Бірыңғай дистрибьютор Оңтүстік Кореяның Денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының қолдауымен Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы медициналық-фармацевтикалық кластерлерді құру және әзірлеу аясындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша ірі кореялық фармацевтикалық кластерлермен дөңгелек үстел өткізді.

Оңтүстік Кореяның фармацевтикалық нарығы соңғы жылдары ең қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың бірі болып табылады. Оңтүстік Корея ғылымның перспективалы бағыттары саласындағы инновациялық даму, биосимилярлар өндірісін оқшаулау, мемлекеттік, сондай-ақ жеке капиталды тарту жолымен жүріп, елге үздік халықаралық мамандарды жұмылдырды.

Өткізілген дөңгелек үстел нәтижелері бойынша Бірыңғай дистрибьютор қымбат тұратын инновациялық өнімдер өндірісін дамыту, саланы технологиялар трансфері, оны цифрландыру бағытында ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірледі. Атап айтқанда, медициналық-фармацевтикалық кластерлерді құру бастамасы және Нұр-Сұлтан, Ақтөбе және Шымкент қалаларында кластерлердің жоғарғы деңгейлік құрылымы әзірленді.

Сондай-ақ, кеңеске қатысушыларға фармкластерлерді дамытуға арналған мемлекеттік қолдау құралдары ұсынылды. Тараптар мемлекеттік органдар, ғылым және бизнес алға қойылған міндеттер бойынша бірлесіп жұмыс істеп, тандемде дамуы тиіс екенін атап өтті.

Айта кету керек, қазақстандық өндірушілер бүгінде ДДҰ жіктеуі бойынша өмірлік маңызды дәрілерге жататын базалық препараттар шығарады. Қазіргі таңда Қазақстанға ұлттық дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әзірлеуден бастап өндіруге дейінгі толық циклды жолға қою аса маңызды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар фармкластерлерді құру – барлық қатысты институттар мен компаниялардың өзара іс-қимылы үшін бірыңғай алаң құруды талап ететін ауқымды жұмыс екенін атап өтті.

Дереккөз: Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще