Жаңалықтар
13.05.2022

БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОТЕКТЕС ӨНІМДЕРДІ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕ R&D ОРТАЛЫҚТАРЫН ҚҰРУДЫҢ ТҮРІК ТӘЖІРИБЕСІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Түркияға екі күндік мемлекеттік сапары аясында Бірыңғай дистрибьютор өкілдері Nobel Ilac жаһандық компаниясы зауытының биотехнологиялық өндірістік алаңында болып, компания басшысы Хасан Улусоймен жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады. Nobel Ilaç өндірістік алаңы Түркия Республикасының технологиялық дамуының арнайы аймағы – Marmara Teknokent-те орналасқан.

Marmara Teknokent – Түркияның алғашқы инновациялық технопарктерінің бірі, онда мықты және тиімді кәсіпкерлік әлеуетті құру арқылы қолдау көрсетілетін зерттеулер мен әзірлемелер жоғары технологиялық өнімдерге, әдістерге немесе қызметтерге айналады, жаппай өндіріс жүзеге асырылады, өнімдер экспортқа шығарылады және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті халықаралық брендке айналады. Marmara Teknokent-тің Ғаламдық серіктестіктермен стратегиялық жұмысының арқасында зерттеулерге және дамытуға бағытталған жобалар жасалуда.

Сапар барысында Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері R&D орталықтарының қызметімен және компанияның соңғы әзірлемелерімен танысты. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу бөлімшесімен кездесу өткізіліп, фармацевтика бойынша ОТӨ қолдау жөніндегі Түркия Республикасының тәжірибесі талқыланды.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықтың, инвесторларды тартудың, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Фармацевтикалық өнімдердің отандық өндірісін дамытуды қолдауды жүзеге асыру үшін өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор қаптамадан бастап өндірістің толық цикліне дейін ірі дәрілік брендтер еліне кіру үшін алаңмен қамтамасыз ету бастамасын алға тартады.

Осылайша, Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін Бірыңғай дистрибьютор әлемдік фармацевтика индустриясының ірі ойыншыларымен кездесулер өткізеді, олардың барысында қазақстандық фармацевтика нарығына қатысудың перспективалық жоспарлары және салаға инвестициялау мәселелері талқыланады.

Nobel İlaç бірлесіп әзірлеу және лицензиялау арқылы биотехнологиялық және биотәрізді өнімдер саласында белсенді жұмыс істейді. 2005 жылы Түркиядағы фармацевтикалық компаниялар арасында бірінші болып Nobel Ilaç бастапқыда меншікті капиталмен бастап, ал кейіннен мемлекеттік қолдау тапқан биотехнология саласындағы зерттеулерін жалғастырып, Интерферон Альфа Фаза II клиникалық зерттеуін жүргізді. 2015 жылы 28 жоба мен 21 компанияның ішінде Nobel Ilaç компаниясы KAMAG 1007 жобасын 10 миллион АҚШ долларына алған жалғыз компания болып таңдалды және осы жоба аясында алғашқы ұлттық биосимиляр жобасы (BIOSIM-1) басталды. 2016 жылы TÜBITAK ғылыми әзірлемелер қоры мен Билкент университетінің бірлескен қолдауымен биотехнологиялық түпнұсқа молекуланы дамытудың алғашқы жобасы болып табылатын рекомбинантты bi-mAb жобасы іске қосылды. IFC (Халықаралық Қаржы Корпорациясы) Nobel Ilaç биотехнологиялық фармацевтикалық өндірістік кешеніне 25 миллион АҚШ долларын инвестициялады.

Сонымен қатар, Nobel Ilaç компаниясы жергілікті және халықаралық нарықтарда жоғары қосылған құны бар дәрі-дәрмектерді қолдап, Түркияның фармацевтика секторындағы сыртқы сауда тапшылығын жабады. Компания биотәрізді инвестициялардан бөлек, түпнұсқа молекуланың биотехнологияларын дамытуға назар аудара отырып, компанияның да, Түркияның да халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етті.

Түркияға мемлекеттік сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Nobel Ilac фармацевтикалық компаниясының басшысымен Алматы қаласында фармацевтикалық препараттар өндіретін екінші фармацевтикалық зауыт салу бойынша ынтымақтастық туралы екіжақты Келісімге қол қойды, сондай-ақ Atabay компаниясының басшысымен Алматы қаласында фармацевтикалық препараттар өндірісі бойынша зауыт салу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Айта кетейік, Nobel Ilac компаниясы қолданыстағы өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге қосымша 55 млн. АҚШ долларын инвестициялауды, сондай-ақ Алматы қаласында саше және жоғары технологиялық биосимиляр түріндегі препараттар өндірісі жолға қойылатын екінші фармацевтикалық зауыт салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бұл рәсімді 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін аяқтау және 2025 жылдың желтоқсанында толық аяқтай отырып, жобаны кезең-кезеңімен іске асыруға кірісу жоспарлануда.

Қазақстан-Түрік ынтымақтастығын дамыту аясында Қазақстанда Nobel Ilac басқаруымен R&D орталығын құру мүмкіндігі талқылануда. Осы R&D орталығының мақсаты – бірегей молекулаларды, биосимилярларды әзірлеу, маркетингтік зерттеулер жүргізу, сондай-ақ Қазақстанның фармацевтикалық саласының қажеттіліктері үшін отандық және түрік жоғары оқу орындарымен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, бейінді мамандар пулын қалыптастыру болмақ.

Бұл кәсіпорын бірегей дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамытуға, отандық фармацевтикалық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ ғылыми және кадрлық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өту қажет.

Естеріңізге сала кетейік, биыл фармацевтикалық өнім шығаратын «Нобел АФФ» АҚ бірлескен қазақстандық зауытының құрылғанына 20 жыл толады.

Кездесу соңында тараптар денсаулық сақтау саласындағы, соның ішінде фармацевтика өнеркәсібіндегі Қазақстан-Түркия ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығы туралы өзара пікір білдірді. Бүгінгі таңда, екі бауырлас ел миллиардтаған АҚШ доллары болатын ондаған инвестициялық жобалармен бірлесіп жұмыс істеуде және елдер арасындағы ынтымақтастық бұдан әрі тек кеңейе беретініне күмән жоқ.

Анықтамалық: 

ATABAY Pharmaceuticals & Fine Chemicals – 1939 жылы Ыстамбұл қаласында құрылған отбасылық түрік фармацевтикалық компаниясы. Компанияның негізгі бағыты дженериктік (бірегей дәрілік заттардың арзандатылған аналогы) дәрілік заттар мен белсенді фармацевтикалық ингредиенттер (API) өндіру болып табылады. ATABAY компаниясы GMP (good manufacturing practices/тиісті тәжірибе өндірісі) халықаралық стандарты бойынша фармацевтикалық препараттардың, ауылшаруашылық және ветеринарлық-химиялық препараттардың 100-ден астам түрін, соның ішінде антибиотиктер, антигистаминдер, обырға қарсы, туберкулезге қарсы және басқа да дәрілік заттарды өндіреді. ATABAY өз өнімдерін АҚШ, Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдеріне экспорттайды. Компанияның Гебзе (ATABAY Gebze Plant – 10 000 ш.м.) және Аджибадем (ATABAY Acıbadem Plant – 50 000 ш. м.) қалаларында екі өндірістік алаңы бар.

Nobel Pharmaceuticals – жарты ғасырдан астам тәжірибесі бар Ғаламдық Nobel компаниясы 1964 жылы жүз пайыздық ішкі капиталмен құрылды. Бүгінде Nobel компаниясының бес өндірістік кешені бар, олардың үшеуі Түркияда, біреуі Қазақстанда және біреуі Өзбекстанда орналасқан және әлемнің 20 елінде өз ұйымының жарнамалық және сауда іс-шараларын өткізеді. 3000-ға жуық адам жұмыс істейтін Nobel компаниясы халықаралық стандарттарға сәйкес өндірілген жоғары сапалы өнімдерін әлемнің 50 еліне экспорттайды. Германия, Албания, Әзірбайжан, Беларусь, Босния және Герцеговина, Болгария, Грузия, Швейцария, Черногория, Қазақстан, Қырғызстан, Косово, Македония, Моңғолия, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Сербия, Түркіменстан және Украина сияқты елдерде ашылған жеке компаниялар арқылы өз қызметін жүзеге асырады.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще